8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2018 3234 0
Қоғам

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ

Қазанның алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін ұстаздардың төл мерекесіне орай бүгін, 4 қазан күні Орал қаласында «Мұғалім – мектептің жүрегі» атты мерекелік концерт өтіп, бірқатар ұстаздар Орал қаласы әкімі М.Мұқаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік шара театр фойесіндегі көрмеден басталды. Шара қонақтары, педагогика саласының қызметкерлері мен ардагер-ұстаздар арнайы дайындалған қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты. Концерттік бағдарлама №44 орта мектептің би ұжымы орындаған «Ұстаздарға мың алғыс» композициясымен ашылды. Кәсіби мереке иелерін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев құттықтады.

– Жүзден астам ел атап өтетін бұл мерекенің маңыздылығы ерекше. «Ұстаздық» – «Отан», «Ана» деген ұлы сөздермен бірдей деңгейдегі ұлағатты мамандық. Барша адамзат ұстаздардан тәлім, өнеге алып, болашаққа қанат қағады. Ұстаздар қауымы ең белсенді, отансүйгіш, патриоттық сезімі биік мамандар.  Өйткені олар баланы оқыту, тәбиелеуден бөлек адамзаттың болашағы үшін қоғамның қалыптасуына үлкен үлес қосып келеді. Қала тазалығы, қоғамдық шаралар кезінде де мұғалімдердің белсенділігі айрықша байқалады. Қиындығы мол қызметте жүріп, осындай қоғамдық істер арқылы шаһардың көркеюіне, өркендеуіне қосқан үлестері үшін қалалықтар атынан білім саласы қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Әрине, ХХІ ғасырдың талаптары күрделі. Сондықтан мемлекетімізде Елбасының тапсырмасына сәйкес, білім саласын көтеру мақсатында көптеген шаралар атқарылуда. Жаңа заман талабы бойынша білім саласына цифрландыру жүйесін енгізудеміз. Балабақшаға бөбектерді қабылдау электронды түрде жүргізіліп, IT-сыныптар ашылды. Мектептер саны көбейіп келеді. Себебі бала саны артып келеді. Өткен жылы қала мектептерінде 43 мыңдай оқушы білім алған болса, биыл жаңа оқу жылында оқушылар саны 47 200-ді құрады. Шәкірттердің білім сапасын арттыру ұстаздарға жүктелер міндет. Осы қызметте жетістіктің мол болуын тілеймін, – деген Мұрат Рахметұлы 30 жылдан аса ұстаздық етіп, еселі еңбегімен танылған мамандарға алғыс хат табыс етті.

Қала әкімінің алғыс хатына №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рая Дүйсенова, №3 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Светлана Селиханова, №27 «Жігер» бөбекжайының директоры Сәуле Шабарова, №33 орта мектептің әлеуметтік педагогы Ерлан Есенғалиев ие болды.

Орал қаласы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Мәншүк Қараева, №2 балалар саз мектебінің директоры Мұхамбетқали Далбаев, «Атамекен» қалалық жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Жасұлан Сәкенов, №19 орта мектептің хореографы Гүлден Хафизова, №27 орта мектеп хореографы Анаргүл Құсайынова және басқалары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, қаладағы білім беру ұйымдарының 100 үздігі «Қаланың құрметті педагогы» медалімен марапатталды.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшысы және ғылыми педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институт атынан Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіне және дамытуға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Айта кету керек, бүгінде қалалық білім беру ұйымдарында 4 187 мұғалім қызмет етеді. Олардың 182-сі биыл қосылған жас мамандар.

 Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»