8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2021 1353 0
Қоғам

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 180 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

          Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Самал  көшесі, 92-үйден  баспанаға мұқтаждар кезегінде тұрған  және  «Отбасы банк» салымшыларына 180 пәтер  пайдалануға берілді.

  

Алыстан «мен мұндалаған» тоғызқабатты  үй құрылысын «Болашақ-Т» құрылыс компаниясы жүргізген.  Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан облыс əкімі Ғали Есқалиев  оралдықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа пәтер иелеріне «құтты болсын» айтты.

– Мереке қарсаңында «Болашақ-Т» серіктестік басшысы Асқар Жасенұлы сіздерге үлкен сый жасап, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспаналы болып отырсыздар. Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын. Үйдің сапасына қатысты қандай да болмасын ескертпе, ұсыныстарыңыз болса, тыңдауға әзірміз. Бір жылдың ішінде осындай зәулім де сапалы тұрғын үйді пайдалануға берген компанияға алғыс білдіреміз. Баспаналарыңыздың іші берекеге толсын, тек шаңырақтарыңызда жақсы жаңалықтар болсын, – деді өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.

Орал қалалық Тұрғын үй жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиевтың айтуынша,  бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде әр санат бойынша 21 мыңдай азамат тұр. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша беріліп жатқан бұл үйде бір бөлмелі – 72, екі бөлмелі – 72, үш бөлмелі – 36 пәтер  бар. Бағдарлама бойынша негізінен бюджеттік, мемлекеттік ұйымдардың кезекте тұрған азаматтары конкурстан өтуде. 2020 жылдың қараша айында  іске қосылған аталмыш бағдарламаның талабы негізінде  бастапқы жарна 10 пайызды құрауы керек.  Бүгін пилоттық жоба бойынша алғашқы үй тапсырылып отыр. Бір бөлмелі пәтер құны – 5 млн. 600 мың теңгені құраса, екі бөлмелік пәтер – 8 млн. 400 мың теңге тұрады. Ал үш бөлмелік пәтер құны – 11 млн. 620 мың теңге.

Облыс әкімі алдымен 55 пәтер тұрғыны Тимур Бисенғалиевтың пәтеріне бас сұқты. Тимур – ішкі істер қызметкері. Баспана кезегіне 2008 жылы тіркеліпті. – Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасымен көптен күткен арманымыз орындалды. 18 жылдан бері пәтер жалдап келеміз. Қазір үш балам бар. Жаңа пәтер құнын әлі он жыл, айына 80 мыңнан төлейміз. Бастысы – енді өз шаңырағымыз бар, – дейді Т.Бисенғалиев.

Ал Орал қаласындағы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкері  Шаттық Ғұмарова 11 жылдан бері үй кезегін күтіп келеді екен.   – Өткен жылдың желтоқсан айында конкурсқа қатысып, бірінші қабаттан екі бөлмелі кең, жарық пәтерге қол жеткіздім. Қуанышым шексіз. Осы күнге дейін жұмысқа Подстепное ауылынан қатынап жүрдім. Бұл күнді қанша армандадым, – дейді ол қуанышын жасыра алмай.   

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»