8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2019 2008 0
Өзек

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАҒЫ ТӘРБИЕ – БАСТЫ ИММУНИТЕТ

Өскелең ұрпақты теріс ағымдардың арбауынан сақтаудың амалы – ұлттық құндылықта тәрбие беру. Бала кезден бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп өскен ұрпақтың иммунитеті берік болады. Қала бойынша дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері мен оқу орындарында дін мәселелерімен айналысатын мамандарға арналған семинарда осы мәселеге назар аударылып, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі  Р.Чингужанов жастар арасындағы экстремизм мәселелері туралы дәріс берді.

Дін туралы түсінік қалыптастыруда жасөспірімдердің бойында үрей тудыру жөнсіз. Ата-аналар дін мамандарын үйге шақыру арқылы балаларына дінді танытуға ықыласты болуы керек. Дін туралы естіп-білмеген бала есейе келе жаңа ортаға түскенде өзгелердің арбауына оңай түсуі кәміл. Өйткені оның бойында алғашқы іргетас «құйылмаған». Теологтың сөзінше, өз дінін өзі дұрыс танымау  – теріс бағытқа түсудің негізгі себебі.

– Теріс бағытқа түскендерге жүргізілген зерттеу олардың орыстанған, яғни қазақы ұлттық құндылықтарынан айырылғандар екенін көрсетіп отыр. Тілді білмейтіні өз алдына көше түсінігімен өскен, ұлттық құндылықтардан мақұрым қалғандар. Жастарды теріс жолдан сақтаудың бірінші жолы – дін туралы түсіндіру болса, екіншісі – ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Зерделеу көрсеткендей, теріс жолға түскендер қайнар бұлағынан сусындамаған, тамыры шабылғандар екенін байқаймыз. Түрі қазақ болғанымен, өзге тілде ойлап, батысша амал ететіндер. Тілімізде «обал болады», «ұят», «берекет» деген тәрбиелік түсініктер бар. Бұлар өзге тілге мағынасы бұзылмай аударылмайды. Сондықтан өз ана тілімізге келу маңызды. Жастарды радикалданудан сақтандыру үшін қайнар бұлағымызды – салт-дәстүрімізді жаңғыртып, мақал-мәтелдермен, классик жазушыларымыздың шығармаларымен тәрбиелеуге бет бұруымыз керек, – дейді теолог Рауан Жұмабайұлы.

Исламды түсіну үшін діни терминдерді, тарихи оқиғаларды білу керек. Аят пен хадистер әр тарихи оқиғаға байланысты түсіп отырған. Оларды бөле-жара қабылдап жүргендердің қате пікір айтуы бек мүмкін. Сондықтан біртұтас түсінік болуы керек. Семинар барысында теолог осы мәселеге ерекше назар аударып, Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақыратынын еске салды. Сондай-ақ адамның бес күші, радикалдану себептері мен алдын алу жолдары, иммуниттет қалыптастыру туралы айтып, үмітсіздік, үстемдік құру, асығыстық, ешкіммен санаспау, жауапкершіліктен қашу, басқалардың жауапкершілігінен әсер алу, физикалық жау, рахаттануға бейім болу сынды қасиеттер жұмыс жасауда бөгет болатынын түсіндірді.  Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен семинарға қатысқандарға сертификат берілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»