8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Шілде 2025 1039 0
Бәрекелді!

Ұлттық ұлан жауынгері муайтайдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

2025 жылғы 8–14 шілде аралығында Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында әскери қызметшілер арасында муайтайдан CISM ұйымының алғашқы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Халықаралық додаға Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгия елдерінен 84 спортшы қатысуда.
Бұл беделді жарыста Қазақстан атынан Ұлттық ұланның Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімі атқыштар ротасының 2-взводының бақылаушы-маманы қатардағы жауынгер Әли Нәсіпқалиев ел намысын абыроймен қорғап жатыр.
Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде. Жоғары деңгейдегі физикалық дайындығының, табандылығы мен жауынгерлік рухының арқасында Әли Нәсіпқалиев іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, жарыстың жартылай финалына шықты. Осылайша турнирдегі ең мықты спортшылардың қатарына енді.
CISM чемпионатына қатысу еліміздегі армиялық спорттың жоғары деңгейін көрсетіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырып отыр.
Әлиге алдағы жартылай финалда сәттілік, табандылық пен жеңіс тілейміз!

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
86 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
65 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
77 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
147 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»