8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Желтоқсан 2022 5118 0
Жалын

ӘЛИХАННЫҢ АМАНАТЫН ЖЕТКІЗДІ

Театрдың адам көкейіндегісіне жан бітіріп, сахна төріне шығаратын, тарихты тарқатып, тағылымды танытатын күші бар. Рухты оятып, делебеңді қоздыратын пьессалардың бірі – Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының оралдықтарға ұсынған «Әлиханның аманаты» реквиемі. Театр ұжымы Н.Сауданбекұлының қаламынан шыққан бұл туындыны Х.Бөкеева атындағы БҚО қазақ драма театрына гастрольмен келген Маңғыстау театры қойған еді. Саусақпен санарлықтай кейіпкер болса да, оқиға орны сан рет ауыспаса да, Әлиханның сөзі арқылы, өзі арқылы көпті көкейге қондыра білді. «Есімі жоқ» тергеуші мен Әлихан Бөкейхановтың тартысты диалогы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ғ.Тоқай секілді Алаш арыстарының ел үшін, елдік үшін жасаған рухани ерліктері, батыл қадамдары сахналанды. Қарқаралы петициясында талап етілген 47 тармақты жинақтап 5 топқа: сайлау жүйесін қайта құру мәселесі, діни мәселелер, қазақ тілі, сот ісі, және жер мәселесін шешудің жолдары деп бөліп, қадап-қадап айтқанда, көрерменнің денесі тітіркеніп, көзіне жас келді. «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға үйреніп игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмесін дедік. Себебі «қазақ надан, қазақ көшпелі, қазақ мәдениетсіз, қазақ жоғалып кетеді, бұларға жер неге керек»- деп оттаған дұшпандар да болды» деп ашына сөйлегенінде, зал толы көрермен ду қол соқты. Көп шындықтың беті ашылды, зиянды қауыммен күрескен зиялы қауымның ішкі назы айтылды. «Адам өз елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтағаннан кінәлі бола алмайды» деген Әлихан Бөкейхан сөзін іштей сан рет қайталап отырдық. Алаш арысының аманаты – елдік, еркіндік, ерлік еді. «Аманатқа қиянат жасап жүрген жоқпыз ба? Мен кіммін? Не үшін өмір сүріп жүрмін?» деп тергеушімен бірге менде, көрерменде толғанды. Әлиханның аманатын жеткізе білген Жантөрин театрына Жайық жұртшылығы риза болды.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»