8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Маусым 2026 450 0
Без рубрики

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді.

Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) төленеді. Аталған жәрдемақылар шартсыз, және алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық мерзімде төленеді.
Өз кезегінде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын тұрақты жұмысы бар ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Бұл төлемнің мөлшері бала туған күнге дейінгі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, аталған төлемдерді жұмысқа шығуына байланысты тоқтату тек алушының өз еркімен тиісті өтініш беруі арқылы ғана жүзеге асырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен паблик әкімшілері ресми мәлімдемелерді түсіндіруге мұқият қарап, азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін тақырыптар мен тұжырымдардан аулақ болуы қажет.
Азаматтарды уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне ғана сүйенуге шақырамыз. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін тікелей бейінді ведомстволарға жүгінген жөн.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»