8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2019 1602 0
Без рубрики

КРУГЛООЗЕРНЫЙ КЕНТІ ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ АРТАДЫ

Круглоозерный мен Серебряков ауылдарының болашағы жарқын. Ауылда құрылыс жұмыстары қарқынды. Кент әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне қатысқан Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев Круглоозерныйда бұрын-соңды мұндай құрылыс жұмыстары жүргізілмегенін ерекше атап өтті.

Елбасы «Бес әлеуметтік бастамасын» ұсынды. Оның бірі – қолжетімді, сапалы тұрғын үй құрылысы. Орал қаласында 26 тұрғын үй салынуда. Қала іргесіндегі Круглоозерный кентінде ұзақ жылдардан бері бюджет саласы қызметкерлері үшін баспана басты мәселеге айналған еді. Биылғы жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша үш қабатты 48 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталуда.

– Елбасының саясаты және қолдауы арқасында баспана алу – қолжетімді болды. Пәтер алатындар 20 пайыздық алғашқы жарнасын жинаса ғана жеткілікті. 25 жылға дейінгі жеңілдікпен үй алуға болады. Осындай тиімділігі мол бағдарлама жеке кәсіпкерлердің бастамасымен Круглоозерныйда да қолға алынды. Сәйкесінше, осы кенттік округтегі мұғалімдер мен медицина саласы қызметкерлері баспанаға қол жеткізеді. Бұл өте тиімді бағдарлама, – деді Мұрат Рахметұлы.

Бүгінде 20 шақты круглоозерныйлық бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.

Тұрғын үй салу үшін жер кезегінде  тұрған азаматтарға Орал қаласының Бас жоспарына сәйкес Круглоозерный кенті аумағынан 1 140 жер учаскесі берілмек. Қала әкімінің сөзінше, қазір учаскелердің жобалық-сметалық құжаттары сараптамада жатыр.

–  Бүгінде Круглоозерный кенті халқының саны 6000-нан артық. Жақын болашақта халық саны екі есеге дейін артуы ықтимал. Сондықтан жеке кәсіпкерлер құрылысын бастаған балабақшалар дер кезінде қолға алынып отыр деп санаймын. Оған қоса орта білім беру ұясының да қажеттілігі болады. Бұл қаланың Бас жоспарына түзетулер енгізу кезінде ескерілетін болады, – деп толықтырды қала басшысы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»