8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2020 1112 0
Дені сау ұлт

КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ БІРШАМА ЖЕҢІЛ ӨТЕДІ – ЭПИДЕМИОЛОГ

Коронавирустың екінші толқыны біршама жеңіл өтеді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы директорының бірінші орынбасары, эпидемиолог Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Коронавирус індетінің негізгі толқынын өткіздік» деген пікірдегі адамдармен келісемін. Бізде негізгі толқын осы жылдың маусым-шілде айларында болды. Мұны бізге қолжетімді статистикаға, ауруханаға жатқызу деректеріне қарап айта аламыз. Дегенмен, тіркелген статистикалық мәліметтер шынайы жағдайды көрсете алмайды. Меніңше, мұндай жайт бүкіл әлемде бірдей. Көктемде науқастарды тіркеген кезде жеңіл және симптомсыз формасына, орташа ауыр және ауыр формасына қатысты мүлде басқа ара қатынасты байқаған едік. Бұған қоса, орташа және ауыр формамен ауырғандардың саны басым болды. Коронавирусқа шалдығудың шырқау шегінен өткенімізді білдіретін тағы бір жайт – өкпе қабынуының өте көп болуы. Оның үстіне қазір Денсаулық сақтау министрлігі бұл өкпе қабынуларын ковид деп санап, тіркеуге қосып отыр. Яғни, өкпе қабынуылары ПТР-диагностикалау көмегімен анықталған еді», – деді ол коронавирустың екінші толқының жүру мүмкіндігін талқылауға арналған онлайн жиында.

Оның атап өтуінше, коронавирус індетінің шырқау шегінен өтіп кетуіміз алдағы уақыттағы жағдайға оң әсерін тигізеді.

«Өйткені, енді иммунитеттің бар екендігін білеміз. Коронавирусты қайталап жұқтырып алу деректері бірен-саран ғана. Оның өзі де ағзаның ерекшелігіне, иммунитеттің қалыптасуына байланысты. Жалпы, иммунитет бар. Осыны ескерер болсақ, коронавирустың екінші толқыны біршама жайдақ өтеді. Яғни, маусым-шілдедегідей күрт өршімейді. Біз де, Денсаулық сақтау министрлігі де, жалпы қоғам да дайын болады. Желтоқсанға қарай ол күрделене түседі. Қыркүйек пен қазан айлары біршама тыныш өтеді»,- деді Бауыржан Жүсіпов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»