8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2021 1404 0
Дені сау ұлт

КОРОНАВИРУС: БҚО-ДА «БРИТАНДЫҚ» ЖӘНЕ «ОҢТҮСТІКАФРИКАЛЫҚ» ШТАММ АНЫҚТАЛДЫ

БҚО-да соңғы аптада коронавирустық инфекция бойынша аурушаңдық 23 пайызға көтерілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен коронавирустың алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды. 

29 наурыз бен 4 сәуір аралығында жалпы 700 оқиға тіркелген болса, оның ішінде 2 сәуір күні ең көп жағдай – 112 адамнан індет анықталды. 3 сәуірде – 109 адамның, 4 сәуірде – 105 адамның  ПТР талдауы оң нәтиже көрсетті. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев өңірде жағдайдың өршуінің негізгі себебінің бірі мутацияланған вирус штамы екенін мәлім етті. Айтуынша, мутацияланған вирус жұққыш болып келеді.

– 24 наурызда Алматы қаласына 20 сынама жіберілген болатын. Сол сынамалардан британдық, оңтүстікафрикалық коронавирус штамы біздің облыста бар екені белгілі болды. Қайсысы британдық, қайсысы оңтүстікафрикалық штамм екені айдың аяғында нақтыланады. Жалпы сынамалардың 40 пайызы мутацияанған деген мәлімет бар, – деді М.Арыспаев.

Екіншіден, карантиндік шаралардың сақталмауы – аурудың көбеюіне себеп болып отыр. Мәселен, үй жағдайында отбасы мүшелерінің бірі ауырып, басқаларына жұғуы, қоғамдық көліктерде немесе той-жиындар кезінде ауру жұқтыру фактілері бар.

Наурыз айында 62 мың адам ПТР тест тапсырған. Бұл ақпан айындағыдан 10 мың зерттеуге артық. Бұл ауру жағдайларының және науқастармен байланыста  болған адамдардың  көбеюіне  байланысты.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»