8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2021 1553 0
Дені сау ұлт

КОРОНАВИРУС: БҚО-ДА БІР АПТАДА АУРУШАҢДЫҚ 20,8 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

Бүгін, 26 наурыз күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық эпидемологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермеков Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

 

1 наурыздан бері облыста COVID-19 инфекциясының 1589 жағдайы анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 687 адамда (43,2%), жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 538 адамда (33,8%), профилактикалық мақсатта тексерілген 271 адамда (17%) және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 93 адамда (5,8%) анықталған. 1 наурыздан КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған 3319 адам медициналық бақылауға алынып отыр.

Соңғы аптада, яғни 19-25 наурыз аралығындағы аурушаңдық деңгейі  өткен аптадағы – 12-18 наурыз аралығындағы кезеңмен салыстырғанда 20,8%-ға байқалған. Нақтырақ айтқанда, бір аптада аурушаңдықтың тіркелуі 411-ден 519-ға жеткен.

Кәсіби құрамы бойынша коронавирус инфекциясы жұмыс істейтін адамдар, зейнеткерлер, жұмыс істемейтіндер арасында көбірек. Сондай-ақ оқушылар арасында жиі тіркелуде. Оқу жылы басталғалы 608 оқушы COVID-19 инфекциясын жұқтырған.   Оның 324-і – мектепте дәстүрлі форматта оқитын, 284-і – қашықтан оқитын  оқушы. 11-25 наурыз аралығында қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 8 мектептегі 15 сынып және Тасқала ауданындағы 1 мектеп карантинге жабылды.

Өткен тәулік ішінде (25.03.2021ж.) коронавирустық инфекциямен 48 жағдай тіркелен.

Айта кетейік, облысымызда 1 қаңтар мен 25 наурыз аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 5376 жағдай тіркелген, оның ішінде 3180 жағдайда ауру белгілері бар болса, 2196 жағдайда ауру белгілері жоқ. Қаңтар айында 1837 жағдай, ақпан айында 1950 жағдай, наурыз айында 1589 жағдай тіркелді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»