8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2020 1661 0
Дені сау ұлт

КОРОНАВИРУСҚА КІМДЕР ТЕГІН ТЕСТ ТАПСЫРА АЛАДЫ?

Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нуржамал Жумагулованың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша тегін ПТР-зерттеулер жүргізуге 193,4 млн теңге бөлінген. Барлығы ел бойынша бұл сома 5,4 млрд теңгені құрайды.

«Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық – диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталған болса, біздің өңір үшін бұл сандар саны стационарларға 60,1 млн. теңге және емханаларға тиісінше 133,3 млн. теңге құрады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тестін тегін өтеді» – деп атап өтті Нуржамал Жумагулова.

Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасалды. Батыс Қазақстан облысында келісім-шарт жасасқан 24 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарында тесттен өтуге болады. Айта кету керек, Қор осы мақсатқа сәуір айында медициналық ұйымдарға бірінші траншты жіберді.

Қор филиалында сондай-ақ азаматтардың қандай санаттары тегін тесттен өтетінін хабарлады:

– COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;

– ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;

– КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;

–  стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;

– тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;

– шетелден келгендер;

– коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;

және жүкті әйелдер т. б.

Сонымен қатар, Қорда ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізетінін хабарлады:

– үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды;

– арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);

– әскерге шақырылушыларға және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, оператор ӘМСҚ болып табылатын, COVID-19 алдын алу бойынша іс-шараларға республикалық бюджет қаражатынан 55,9 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек-күндер бойынша емделген жағдайларды төлеуге – 14,7 млрд теңге, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша іс – шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемеақы төлеуге – 35,8 млрд теңге, диагностикалық зерттеуге (ПТР – тесттер) – 5,4 млрд теңге. Батыс Қазақстан облысында осы ресурстардан аталған іс-шараларға 1,6 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»