8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қараша 2018 2453 0
Қалалықтар қаперіне

КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕР БІР ҚҰЖАТПЕН

         Орал коммуналды қызметтерді есептеу өңірлік орталығы желтоқсанның бірінен бастап коммуналдық қызметтерді кешенді түрде бір құжатпен төлеуге мүмкіндік береді. Бұдан бұлай электр энергиясына, жылу, газ, су және қоқыс қалдығын шығару, кабельді телевизия мен басқа да қызмет түрлерін төлеуді жүзеге асырады. Бұл туралы сейсенбі күні қала әкімдігінде журналистермен  өткен брифингте   «Коммуналдық қызметтерді есептеу орталығы – Орал»  ЖШС директоры Ерлан Мурзабеков мәлімдеді.

Серіктестік басшысының айтуынша, қазіргі таңда орталық екінші деңгейлі банктермен жұмыс істейді, яғни бір мезетте төлем жүзеге асырылып, сол сәтте билинг базасында автоматты түрде көрсетіледі. 13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл жоба 2005 жылы Таразда «біртерезе» жүйесі бойынша іске асырылып келеді екен. Бірыңғай төлем құжатына 52 компания кіреді, оның ішінде ПИК-тер, домофон қызметі мен кабельдік телевизия, ал мемлекеттік емес сектордан энергиямен қамтамасыз ету, жылу, ыстық, суық су мен кәріз жүйесі де кіреді. Сондай-ақ жер мен мүлік салығының төлемі де осы құжатқа енгізілген.    Орал қаласында коммуналды қызметтерді есептеу өңірлік орталығына қарасты 82  бақылаушы мен 15 оператор  5 абоненттік бөлімше бірыңғай төлем құжатын жасап, төлемақының уақытылы төленуін қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта тұрғындар коммуналдық төлемдерді «Халық банкі», «Форте банк», «Каспий банк» сайттары арқылы, үйден шықпай-ақ төлей алады. Сол секілді «Касса 24», «Киви» терминалдары арқылы да төлем жасауына болады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»