8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Ақпан 2024 3418 0
Қалалықтар қаперіне

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Оралда

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласының коммуналдық-энергетикалық секторындағы бірқатар нысандарды аралап, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысуда.

Сапар барысында Үкімет басшысы 1961 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Батыс Су Арнасы» сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорнында болды. Орал қаласы ауыз суды негізінен Жайық өзені және жерасты көздерінен алады. Премьер-Министрге 2023 жылы 6 су ұңғымасының құрылысы аяқталғаны туралы баяндалды. Сондай-ақ қазір жұмыс істеп тұрған су тазарту қондырғысының әбден тозығы жеткен.

Олжас Бектенов өңір басшылығының назарын тұрғындар тарапынан, әсіресе жаз айларында ауыз су тапшылығына қатысты арыз-шағымдарға аударып, су тазарту жүйесін реконструкциялауға байланысты ЖСҚ әзірлеуді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Оның өндірістік қуатын тәулігіне 50 мың текше метрге дейін арттыру керек. Үкімет қажетті қолдау көрсететін болады.

Сумен жабдықтау желілерін (тозу – 60,5%), су бұруды (тозу – 61,3%) жаңғыртуды жеделдету, сондай-ақ кәріз-сорғы стансаларын реконструкциялау бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Сонымен қатар Премьер-Министр қауіпті қызыл аймақта орналасқан «Жайықжылуэнерго» АҚ электр және жылу энергиясын өндіру кәсіпорнының ағымдағы жағдаймен танысты. Кәсіпорында Олжас Бектенов бас диспетчерлік бөлмені, турбина залы мен қазандықты аралап көрді.

Бүгінгі таңда үш қазандық агрегаты (№2,4,9) мен турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды, 16,5 шақырым жылу желілері жөнделді. Сонымен қатар үш энергетикалық қазандық пен №3 турбинаны кезең-кезеңімен ауыстыру жобасын әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл шаралар бүкіл станса жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету – Үкімет пен әкімдіктердің негізгі міндеттерінің бірі. Республика бойынша ЖЭО тозуы 66%-ды, ал Орал қаласында 86%-ды құрап отыр. Жобалық-сметалық құжаттама қалай дайын болады, әкімдік тиісті өтінімді енгізуі тиіс. Оны қарап, кезең-кезеңімен шешеміз», — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Үкімет басшысына тауарлық газ өндірісін арттыру және өңірді газдандыру барысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Сонымен қатар жылыту маусымын ескере отырып, өңір басшылығына елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.

Дереккөз: primeminister.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»