8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Тамыз 2020 3014 0
Қалалықтар қаперіне

КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАР АШЫЛАДЫ

2020-2021 оқу жылында Батыс Қазақстан облысында 380 мемлекеттік күндізгі мектепте 100 мыңнан аса оқушы білім алады деп күтілуде. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқыту формалары да қарастырылуда. Бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылмақ. Бұл  туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева айтты.

             Алдын ала жасалған талдауларға байланысты эпидемиологиялық жағдайы тұрақты шалғай ауылдық елді мекендердің мектептерінде балаларды штаттық режимде, ал қала және оқушы контингенті көп ауылдық мектептерде қашықтан оқыту қарастырылуда. Білім басқармасының мәліметінше, облыстағы 220 мектепте барлығы 16 251 оқушы штаттық режимде  білім алмақ. Оқушы саны көп саналатын 160 мектеп 90 425 балаға қашықтан оқыту жүйесімен білім беретін болады. Десек те, қашықтан оқытылатын мектептерде бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ашу жоспарлануда. Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, 1 300-дей сынып ашылып, онда 17 мыңнан астам оқушы оқытылады деп күтіліп отыр.

–  Санитарлық талаптардың қатаң сақталуы басты назарда болады. Балалар кезекші сыныптарға ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Кіре берісте қызуды өлшеу ұйымдастырылады. Ауаны тазалау, бөлмені ылғалдандыру режимі күшейтіледі. Балалар тек бір кабинетте оқиды, үзілістер әр түрлі уақытта болады. Сабақтарды «Бір сынып – бір мұғалім» қағидасымен жүргізу қарастырылуда. Кезекші сыныптардағы онлайн және офлайн өтетін пәндер тізімі білім және ғылым министрлігімен келісім бойынша  анықталады, – деді Айгүл Әділгерейқызы.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
360 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
445 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
502 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
514 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
564 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
787 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
815 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
766 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
717 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
761 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
944 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»