8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Тамыз 2020 1107 0
Өзек

КЕМБАҒАЛ ЖАННЫҢ АҚШАСЫН ҰРЛАП КЕТКЕН

Таяуда банка сатып аламын деп базарға барған ер адам 50 мың теңгесін тапа-тал түсте ұрлатты.


Нақтырақ айтсақ, 2020 жылғы 19 тамызда Орал қаласының 1958 жылғы Ж. есімді бір тұрғыны банка сатып алу үшін  арнайы «Орталық базарға» жетеді. Кембағал бұл азаматтың бір ғана ойы – үйіне банка сатып апарып, қайнаған өнімдерді банкаға құйып, қысқыға қамдану еді. Бұл азамат банка сатушылардың қасына жақындап, банка сатып алмақ ойын айтады. Банканы сатып алған соң, сатушы әйел адам банкілерін мекен-жайына дейін жеткізіп беретінін, кембағал жанға жәрдемдесетінін түсіндіреді. Қолғабыс етуге ынталанып тұрған бейтаныс әйел адамның ниетін қақпай, бұл азамат банкаларын сөмкелеріне салып, «Солтүстік-Шығыс» ауданындағы жәйлі пәтерлі үйіне қарай аяңдайды. Әйел адам банка салынған сөмкелерді көтеріп, бірге ілесе үй ішіне кірді. Үйге кірген соң бұған дейін жымысқы оймен келген 1990 жылғы жас келіншек мүгедек жан артына бұрылған сәтін пайдаланып, сөмкесіне қол салған. Сөмкеден 50 мың теңгесін ұрлап, шапшаңдатып, үлкен кісіні алдап-сулап ілезде үйден шығып кеткен. Бейтаныс «қамқор»келіншек үйінен шыққан бойда, қарт сөмкесінен ақшасы ұрланғанын байқайды. Полицияға телефон соғып, арыз жазды. Ұрының әккі ойы алысқа апармады. Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері «Орталық базар» маңын торуылдап жүріп, Бәйтерек ауданына қарасты Переметное ауылының тұрғыны, 1990 жылғы А.есімді әйел адамды құрықтады. Жедел уәкілдер күдіктінің қолынан ақшаны тәркілеп, өз иесіне қайтарды. Жедел уәкілдердің алдына келген А.есімді азаматша базарға келген ересек ер адамның үйіне аяқтай барып, ақшаға қызығып, сөмкесінен ұрлағанын толығымен мойындады.
Бүгінгі күні кембағал ер адамның ақшасын ұрлаған әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарын басқарманың тергеу бөлімі жүргізуде.

Орал қалалық Полиция басқармасы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»