8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қаңтар 2023 3642 0
Қоғам

Келіден аса синтетикалық есірткі тәркіленді

45 жастағы азаматшаның басқаруындағы «Опель Корса» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тінту кезінде сөмкесінен изолентамен оралған түйін, сондай – ақ 74 дана мөлшерінде ерекше иісі бар сұр-сары түсті ұнтақ заты бар оралған пакеттер табылды.

 

Азаматшаның тұрғылықты жерін тінту барысында құрамында есірткі бар препараттарды одан әрі сату мақсатында 60 дана мөлшерінде түрлі түсті электр таспасы, 5 пакет полиэтилен зип-пакеті, жаңа электронды таразы 2 дана, ерекше иісі бар сұр түсті ұнтақ заттың іздері бар таразы, 6 металл шәйнек, 7 пакет металл магнит, 2 өлшеуіш қасық және шпатель, оралған ұнтақ заты бар 11 зип-пакет, ақ түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер және сұр түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер, сондай-ақ есірткі сатушылар қолданатын басқа да заттар табылып, тәркіленді. Есірткі құралдарының, психотроптық препараттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне сәйкес тәркіленгендердің мөлшері аса ірі болып айқындалған.

 

Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (өткізу мақсатында есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау).

БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Асқар Абдрахманов түсіндіргендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізгені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік заң жүзінде көзделген.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
101 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
191 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
230 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
269 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
348 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»