Кедергісіз келешек: БҚО-да 1383 нысан бейімдеуден өтті
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты. Күн тәртібінде мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.
Бүгінгі таңда облыста инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында 26 мың мүгедектігі бар адамның құқығын қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 5 мыңнан астам тұрғын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылса, жергілікті бюджеттен мүгедектігі бар жандарға 211,5 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Орал қаласындағы 150 орындық заманауи оңалту орталығы мен өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйі азаматтарды қоғамдық өмірге бейімдеуде нәтижелі жұмыс істеп тұр. Биылдың өзінде 544 ұл-қыз оңалту емін алды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға оқу орындарында тиісті жағдайлар жасалды.
Өңірде «Кедергісіз орта» қалыптастыру мақсатында 1383 нысан кезең-кезеңімен бейімдеуден өтті. Инклюзивті білім беру жүйесі де дамып келеді. Бүгінде мектептердің 31,6 пайызы мен колледждердің 30,7 пайызы арнайы жабдықталған. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтардың бизнес-бастамаларын қолдауға басымдық берілуде. Мәселен, өткен жылы 60 мемлекеттік грант бөлініп, биылдың өзінде 201 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Инватакси қызметі де кеңейіп, жыл басталғалы 1333 адам жүгінген. Мүгедектігі бар жандардың спортпен шұғылдануына да ерекше көңіл бөлінуде. Былтыр облыс орталығында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Азаматтар бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, түрлі жарыстарда 17 медаль еншіледі.
Жиын соңында облыс әкімі инклюзивті мәдениетті дамыту және азаматтардың мәселелерін жедел шешу бағытында қоғамдық бірлестіктермен байланысты нығайтуды тапсырып, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктеді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ерлан Кошанов: наша задача – вовремя слышать и чувствовать настроения людей
Орал қаласында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті
The World Financial Review: как Казахстан изменил экономическую модель за семь лет президентства Токаева
БҚО-да тазалық ережелерін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Кіру

