Кеңес мүшелері куәлік алды
Бүгін, сәуірдің 30-ы күні қалалық әкімдіктің үлкен залында Орал қалалық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Алдымен, қалалық ЖКХ басшысы А.Нұрмақов абаттандыру, оған бөлінген қаржы сомасы, алдағы уақытта 30 ауланы кешенді түрде жасау мәселелері бойынша кеңінен баяндады.
Сондай-ақ, Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20.09 √ 5-3 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің , оның мүшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген шешіміне өзгерістер енгізу бойынша Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС жесірлеріне төленетін төлемақынының көлемін 50 000 таңгеге көбейту туралы ұсыныс жасалды. Жиында аталмыш қоғамдық кеңестің 2025 жылғы жұмыс жоспары бекітілді.
Басқосу соңында кеңес мүшелерінің ұйғарымымен ҰОС жесірлеріне көмек көрсету бойынша және жұмыс жоспары бекітілуі туралы шешім қабылданып, кеңес мүшелерінің барлығына кеңес төрағасы Ж.Жұмабек куәліктерін табыстады.
«Жайық Үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру