8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Шілде 2026 544 0
Без рубрики

Казталов ауданында «Мені өзгерткен бір кітап» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында адалдық, парасаттылық және кітап оқу мәдениетін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Мені өзгерткен бір кітап» атты байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Байсалов, Казталов ауданының әкімі А.Сарқұлов, жас мемлекеттік қызметшілер, Өңірлік кадр резервінің мүшелері, еріктілер қозғалысының өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері және белсенді жастар қатысты.

Байқау барысында қатысушылар өздерінің дүниетанымына оң әсер еткен кітаптарды таныстырып, олардың адамгершілік, адалдық, жауапкершілік, заңға құрмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудағы рөлі туралы ой бөлісті.

Департамент басшысы М.Байсалов жастардың бойында адалдық құндылықтарын қалыптастыруда кітаптың орны ерекше екенін атап өтіп, мұндай бастамалар құқықтық мәдениетті арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды нығайтуға және саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.

Іс-шара қорытындысында М.Байсалов байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай жобалардың алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
247 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
286 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
323 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
522 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»