8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2020 1088 0
Қалалықтар қаперіне

KASPI.KZ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ТІРКЕУ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді онлайн түрінде тез және оңай алуға көмектесетін жаңа сервистер бірлесіп әзірленуде.


Осындай алғашқы жоба Kaspi.kz мобильді қосымшада жеке кәсіпкерлікті тіркеу сервисі болып табылады. Сервис құжаттарды қашықтан тексеруге, кәсіпкерді сәйкестендіруге, тіркеуді растауға арналған бірқатар заманауи техникалық шешімдерді қамтиды.
Жоба аясында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Kaspi.kz, Мемлекеттік кірістер комитеті және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүргізілді.
«Бизнес арқылы мемлекеттік қызмет көрсету идеясы Министрлік командасына тиесілі. Одан кейін «ҰАТ» АҚ мен Kaspi.kz-тің үйлесімді атқарылған жұмысы. Мемлекеттік қызметтерді неғұрлым танымал сервистерде ұсынуы ел үшін тарихи сәт деп есептеуге болады. Біз бизнеспен белсенді түрде бірге қызмет етеміз, өйткені халықтың қызмет алуда таңдауы болуы тиіс. Бұл өзара іс-қимыл моральдық тұрғыдан ескірген Egov-қа жүктемені айтарлықтай азайтады және мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі жаңа мүмкіндіктер жасайды. Енді қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді өздеріне ыңғайлы жолдармен ала алады» деді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе жаңа бірегей сервистің іске қосылуына қатысты пікір білдірді.
– Біз үнемі елдегі ең танымал Kaspi.kz үздік қосымшаға инновациялық сервистерді қосамыз. Бүгін біз кәсіпкерлер үшін жеке кәсіпкерлікті тікелей біздің қосымшамызда онлайн түрде тіркеу мүмкіндігін іске қосамыз. Бұл Kaspi.kz және мемлекеттің сәтті ынтымақтастықтың тағы бір мысалы. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің командасы біздің командамен бірге сервисті қысқа мерзімде іске асырды. Осы бірегей қызметті әзірлеуге және іске қосуға қатысқандардың барлығына рахметім шексіз, – деді ол.

Жеке кәсіпкерлікті тіркеу үшін енді осы қызметті Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегімен қол қою жеткілікті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»