8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2019 1252 0
Қалалықтар қаперіне

КӘСІПКЕРЛІК – ӘМБЕБАП ДАҒДЫ: ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРДІ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Атамекен» басшысы мектеп оқушылары және студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 

Жаңа оқу жылында Тимур Құлыбаев оқушылар мен студенттерге табыс, мақсатқа жетуде тынымсыз еңбекқорлық пен жаңа жетістікке жетуде жігерлілік тіледі.

 

Төралқа Төрағасы биыл «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында «Кәсіпкерлік негіздері» атты жаңа пән енгізілетінін атап өтті. Бұл пән элективті негізде, яғни оқушылардың таңдауы бойынша жүргізіліп,  түлектердің кәсіби бағдар алуына, олардың іскерлік және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

 

«Көпшілігіңізге жаңа пән бизнес әлеміне жетелейтін алғашқы қадам болмақ. Бұл пән арқылы сыни ойлай білу дағдысын, қалыптан тыс ойлай білу арқылы кез келген қиын жағдайда дұрыс әрі тез шешім қабылдау қабілеттерін игеруге, командалық рухтың  маңыздылығын бағалауға және кәсіпкерлік негіздерін тануға зор мүмкіндік ашады. Мұның бәрін үйрену қолдарыңыздар келеді»,– деді Тимур Құлыбаев.

 

Жаңа пәннің ерекшелігі – оның ойын формасында оқытылуында, ал әр сабақ отандық компаниялардың нақты бизнес-кейстеріне негізделіп өткізілетін болады. Оқытушылармен қатар осы пәнді тануға барлық өңірлердегі отандық бизнестің «капитандары» – танымал әрі табысты кәсіпкерлер де атсалысатын болады.

 

«Бизнесмендер сіздердің басты үлгі тұтар тұлғаларыңызға айналады. Олар жеке табыс тарихымен бөлісіп, бизнестегі қиын жағдайлардан қалай сүрінбей өтуге болатынын айтып, кәсіпкерліктің негізгі қағидалары мен заңдылықтарын түсінуге үйретеді. Жеке кәсіпті ашудың тиімді әдістерін, қаражатты қайда ұтымды салу керектігін, жаңа серіктестерді табудың жолдарын және неліктен ең ұтымды салым  – қызметкерлер, «адами капитал» екендігін түсіндіреді.  Біз отандық бизнесмендерге «Атамекен» бастамасын қолдағандары үшін алғыс білдіреміз. Осылайша танымал кәсіпкерлер өз тәжірибелері арқылы жаңа оқу пәнін енгізуде зор үлес қосуда», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 

«Атамекен» басшысы  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  түлектер мен студенттердің барлығын дерлік бизнеске тартуды көздемейтінін, ең бастысы «кәсіпкерлік»– «істі қолға алу, алдын ала қамдану» деген ұғымды білдіретінін атап өтті. Ал бұл қазіргі сұранысқа сай,  әмбебап дағды.

 

«Әрқайсыңыз алда қызметтік мансап құрасыздар. Компанияда жұмыс істесеңіз де, жеке кәсіп ашасыз да, жаңа белестерді игеруге тура келеді. Жеке кәсіп ашып, мемлекетке пайда әкеліп жүрген «бизнестегі капитандарымыз» бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін», – деп атап өтті Ұлттық палата басшысы.

 

Сонымен қатар Тимур Құлыбаев «АЛМЭКС – Астана» корпоративті қорының қолдауымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Atameken Academy» білім беру онлайн-сервисін іске қосқанын еске салды. Бұл платформа арқылы кез келген азамат кәсіпкерлік негіздерін оқып, өзінің бизнес-идясын бизнес-жоспарға дейін жеткізе алады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»