8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Ақпан 2019 2074 0
Өзек

«КӨКТЕМ-2019»: ОҚУ-ЖАТТЫҒУ БАСТАЛДЫ

Бүгін БҚО-да «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

 

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындығы деңгейін арттыру  және халықты су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау болып табылады.

РКШОЖ  жоспарын жүзеге асыру бойынша оқу-жаттығудың бірінші күні  2 кезеңнен тұрды: басқару органдарының, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің күштерін функционалды міндеттерін орындауға дайындау және АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің күштерін, ҚР Ұлттық ұлан бөлімшелері мен бөлімдерін басқару.

Бірінші күні оқу-жаттығудың басшысы БҚО әкімінің орынбасары Б.Азбаевтың төрағалық етуімен аудандық атқарушы орган өкілдерінің күш-құралдарының оқу-жаттығуға дайындығы, өткізілген іс-шаралар туралы баяндамалары тыңдалды. Кеңес кіріспе «Дабыл-101» белгісі алынған соң басталды.

Оқу-жаттығудың бірінші күні Б.Азбаев тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, жою бойынша жедел шаралар қабылдау, орын алған жағдайда шығын көлемін, адам шығын азайту, төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын арттыру секілді тапсырмалар берді.  

Ертең, 27 ақпан күні АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының бағынышты күштеріне міндеттелген  «Көктем-2019» РКШОЖ-ның практикалық бөлімі өтеді.

Осы күні таңғы сағат 6-да қызметкерлердің жауынгерлік дайындығын тексеру мақсатында, оқу дабылы бойынша БҚО ТЖД жеке құрамы шақыртылғанын атап өту қажет. Жауынгерлік дайындықты БҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.Ахметжанов тексерді. Оқу дабылы барысында жеке құрам, қызметтік куәлік және офицерлердің жетондары, олардың сыртқы келбеті мен дабыл шамадандары, оның жинақылығы тексерілді.

 Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»