8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2020 1370 0
Өзек

«ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ТҰРАҚТЫ»

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында  өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев бүгінгі күнге Батыс Қазақстан облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

БҚО Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігердің мәліметінше, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде тұрақты. 29 наурызда Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекциясының (COVID-19) екі жағдайы тіркелген еді. Екі пациент те облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қажетті емдерін алуда. Коронавирус жұқпасы табылған үйлерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемиялық тексеріс барысында науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Бұл тұлғаларға лабораториялық зерттеу жүргізілді, сараптама нәтижелері теріс. Жалпы жыл басынан бері облыста 280 адамнан коронавирустық инфекцияға сараптама алынған.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясы расталған екі адам  жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда. Кумыска кентіндегі провизор госпиталінде 58 адам, Бәйтерек ауданындағы провизорлоқ стационарда ЖРВИ белгілері бар 8 адам, облыстың карантиндік госпиталіне аурумен қарым-қатынаста болған 30 адам жатқызылды.

–  Батыс Қазақстан облысының халқы арасында коронавирустық жұқпамен сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы шықты. Қаулыда аудандар мен қала арасындағы байланысқа көптеген шектеулер қойылды. Облыс тұрғындарын қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, барлық сақтық шараларын сақтауларын сұраймыз, – дейді Мұхамғали Арыспаев.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»