8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Маусым 2025 664 0
Бәрекелді!

Өңірде 1000 шақырымнан астам жол жөнделді

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары елімізде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Бұл – өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызды қадам.

Атап айтқанда, 2023-2024 жылдары аралығында облыс бойынша 1 032 шақырым жол жөнделіп, халықтың игілігіне берілді. 2023 жылы – 562 км, 2024 жылы – 470 км жол жөндеу және құрылыс жұмыстары аяқталды.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы тікелей тапсырмасымен басталған Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 шақырымдық жол құрылысы 2024 жылы толығымен тәмамдалды. 2019-2022 жылдары – 125 км, 2023 жылы – 104 км және 2024 жылы – соңғы 16 км жол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Әсіресе, облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан Жәнібек ауданы үшін бұл – тарихи оқиға. Жол қатынасының жақсаруы аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, жедел жәрдем, мектеп, бизнес және басқа да қызметтердің қолжетімділігін едәуір жеңілдетті.

Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. 2025 жылы тағы 200 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Жол салу – жай ғана инфрақұрылым емес, бұл – қауіпсіздік, жайлылық және болашаққа жол ашу. Бұл жұмыстар арқылы облыс ішіндегі көлік қозғалысы жақсарып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау жеңілдейді, өңірлік экономиканың дамуына серпін береді.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»