8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2022 1960 0
Қоғам

ӨҢІР БАСШЫСЫ ОБЛЫС ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде облысымыздағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен алқалы жиналыс өткізді.
Өңір басшысы, ең алдымен, университет фойесіндегі көрмемен танысты. Көрмеге тыңайтқыштарға қоса, өсімдіктерді қорғау және электронды бірдейлендіру құрылғылары, сонымен қатар түрлі нұсқаулықтар қойылған екен. Нұсқаулықтарда ауыл шаруашылығына қатысты пайдалы кеңестер және техниканы тікелей Еуропадан алдырып, кәсіпкерлерге сапалы қызмет көрсетіп отырған кәсіпорындар жайлы ақпараттар берілген.
Алқалы жиында өңіріміздің агрөнеркәсіп кешенінің хал-жағдайы жайында мағлұмат беріліп, аталмыш саланың даму бағыттары мен жетістіктері талқыланды. Ветеринариялық қауіпсіздік, жер және су шаруашылығы мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұлов облыстың ауылшаруашылық саласының дамуы туралы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Алмас Алпамышев жер ресурстары саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаса, ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерімен күресу тәсілдері және қуаңшылыққа төзімді құмай дақылы бойынша сала маманы, ғалым-агроном Алдаберген Нұғманов мәлімет берді.
Өзге де сала мамандары өңірдің ауылшаруашылығы саласының әлеуетін көтеру, жаңа инновацияларды өндіріске енгізу, күн тәртібіндегі мәселелер мен оның шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ, шаруалар тәжірибе алмасып, өңір басшысына толғандырып жүрген сауалдарды қойды.
БҚО әкімдігінің ресми парақшасы
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»