8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қазан 2018 2316 0
Қоғам

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА НӘТИЖЕЛІ

           Бүгін Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі  Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  «Жайықжылуқуаты» АҚ жылу-электр орталығының ағымдағы жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындау барысын бақылау мақсатында баспасөз турын өткізді.

Осы орайда  департамент өкілдері қаржының мақсатты игерілуін қадағалау бойынша жылу тарататын орталығының қысқы маусымға дайындығын пысықтап, бағдарлама аясында жасалған жұмыстармен танысты. БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Ислямовтың айтуынша, биылғы жылға арналған Орал қаласының жылумен жабдықтау жүйелерін, ЖЭО жабдығын, суалғы мен қазандықтарды қайта құру мен жаңғырту инвестициялық бағдарламасы аясында 1 411,8 млн. теңге қаражат бөлінген. Соның ішінде меншікті қаражатқа 180,74 млн. теңгеге іс-шаралар белгіленген. Жылу электр орталығы бойынша – 115,89 млн. теңге, «Нұрлы жол» желісі шеңберінде қарыз қаражат есебінен ­– 1231,06 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда іс-шаралардың нақты орындалуы шамамен 116 млн. теңгені құрап отыр.

Статорды күрделі жөндеуге бекітілген 45,588 млн. теңгеге «Сервис Энерго» ЖШС тиісті жұмыстарды толықтай орындаған. Биіктігі 150 метрді құрайтын темірбетонды түтін мұржасын «Казтеплоспецстрой» ЖШС 39, 014 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізген. Бұдан өзге жылу электр орталығы аумағындағы болат су таратқыш ауыстырылып, стансаның химия цехының зертханасына арналған жабдық сатып алынған. Сондай-ақ орталықтың қысқы маусымға дайындығы бойынша негізгі жабдықтарды қалпына келтіруге жөндеу қорының есебінен 289,8 млн. теңге қарастырылған. Аталған қаражатқа қазан агрегаты жөнделіп, энергетикалық қазандық ауыстырылған. «Таразэнергоремонт» ЖШС турбинаны ағымдағы жөндеуден өткізіп, диафрагмаларды қақтан тазартқан. «Жайықжылуқуаты» АҚ құрамына енетін Орал жылу электр орталығының басшысы Мейрам Сейтеновтың айтуынша, инвестициялық бағдарлама аясында бөлінген қаражат мақсатты игерілуде, бүгінде құрылғыларды жаңарту жұмыстары жалғасуда, магистральды құбырлар ауыстырылған. Орталық қала тұрғындарын жылумен, көгілдір отынмен толық қамтуға дайын. Қазіргі таңда тұтынушылардан ешқандай арыз-шағымдар түспеген.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»