8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2023 2233 0
Қоғам

Инвестиция – өңір игілігіне

Жақында Алматы қаласында өткен Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумында Қазақстан, Орталық Азия және Қытай кәсіпкерлерінің бастамасымен «Орталық Азия және Қытай кәсіпкерлері Альянсы» құрылды. Альянстың президенті болып шығыстанушы- кәсіпкер Альберт Сафуллин сайланды.

Жаңадан құрылған Альянстың ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бірқатар іскерлік кездесулер өтті.

 


Алдымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиевпен, одан соң Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаевпен Шандунь провинциясының мамандар алмасу бойынша халықаралық қауымдастығының бас хатшысы Сю Ян, UWEE Group компаниялар тобының президенті Ян Фей және «Орталық Азия және Қытай кәсіпкерлері Альянсының» президенті Сафуллин Альберт бастаған Қытай бизнесмендерінің делегациясы кездесті.


Бұл кездесулер барысында өнеркәсіп, мұнай-газ секторы және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Делегация құрамы Батыс Қазақстан облысында әкім қабылдауынан кейін жергілікті өндіріс орындарын араласа, Маңғыстау өңірінде ресми кездесуден соң Ақтау еркін экономикалық аймағында болып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

 

Қытайлық кәсіпкерлер мен инвесторлар аталған өңірлермен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, алдағы уақытта инвестицияларды қажет ететін перспективалы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселесін қызу талқылады.

Дәметкен Сағынбаева

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
1 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
22 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»