8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Шілде 2026 397 0
Мәдениет

III республикалық «Шалқар толқыны» ән байқауы қорытындыланды

Теректі ауданындағы Шалқар көлінің жағасында III республикалық «Шалқар толқыны» ән байқауының гала-концерті өтіп, өнер додасының жеңімпазы анықталды.

Еліміздің әр өңірінен жиналған жас орындаушылар ұлттық ән өнерін дәріптеп, вокалдық шеберліктерін көпшілік назарына ұсынды. Байқау қазақ әнінің көркемдік дәстүрін насихаттауға және талантты жастарды қолдауға бағытталды.

Теректі ауданы әкімдігінің қолдауымен, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының келісімімен және Теректі мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада аудан әкімі Әлия Биғазықызы өнерпаздарға шығармашылық табыс тілеп, байқаудың мәдениет саласындағы маңызын атап өтті.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Ақтөбе қаласынан келген өнерпаз Мерей Самұратқа бұйырды. Сондай-ақ үздік өнер көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Үшінші рет ұйымдастырылған «Шалқар толқыны» республикалық ән байқауы жас таланттардың шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, өңірдің мәдени өміріндегі маңызды өнер жобаларының біріне айналғанын көрсетті. Өнер мен дәстүр үндескен ән байқауы биыл да жаңа есімдерді танытып, қазақ ән өнерінің өрісін кеңейтуге өз үлесін қосты.

Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Ән әлеміндегі жаңа белестеріңіз көп болып, көрерменнің ыстық ықыласына бөлене беріңіздер!

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
254 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
294 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
330 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
528 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»