8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2021 2291 0
Қоғам

ҒИБРАТЫ МОЛ «АҚ ОРАМАЛ» АКЦИЯСЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастау алған «Ақ орамал» республикалық акциясы Оралда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің  ұймдастыруымен өтті. 

Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында БҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы – Ш.Х.Кұрманалина, БҚО ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері – З.З. Шканова, А.Б.Райымкулова перзентханада  және  Салтанат сарайында болды.

Орамал қай заманда болмасын, қазақ келіншектерінің ары, абыройы болған. Оны таққан адам жаулықты кие тұтқан. Сондықтан да босағаны жаңа аттаған келіншектің басына ақ жапқан. Акцияның мақсаты да сол – жаулықтың қадір-қасиетін жастардың бойына терең сіңіру.

Акцияның алғашқы бөлігін перзентханада өткізген ұйымдастырушылар жас аналардың басына ақ орамал жапты. Сөйтіп, бүлдіршіндерінің болашағы үшін оларды жаулық жауып отырып, емізуге кеңес берді. Ал неке сарайында жас жұбайлардың шаңырақ көтеру салтанатына куә болып, жас келіншек үшін ең қадірлі болуы тиіс сый-сияпатты ұсынды.

Орамалдың ақ болғанының өзі – бұл біздің пейілдің ақтығын, кеңдігін, келген келінің тазалығын, осы үйге шын пейілімен келсе, өссе-өнсе деген жақсы ниетпен салынған нәрсе.
«Ақ орамал – әрбір келіншектің басына қонған бақ орамал болсын! Біздің елімізді, ер азаматтарымызды қадірлейтін жас келіншектеріміз, аналарымыз көбейе берсін. Еліміздің демографиялық санын көбейтетін біздің мейірімді, инабатты, ибалы, ақ орамал тартатын келіндеріміз көп болсын» деген тілекпен Аналар кеңесінің өкілдері өздерінің Ақ баталарын беріп, жас келіндерге ақ жол тіледі.

Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»