8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Шілде 2019 1872 0
Қоғам

ХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АТАМЕКЕН» ФЕСТИВАЛІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың ХІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі мәресіне жетті. Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталып, фестивальдің Гала концерті өтті. 

Дәстүрлі ән байқауына биыл республиканың  әр түкпірінен және Өзбекстан елінен 29 әнші қатысып, «романс» және «эстрада»жанрлары бойынша екі күн бойы сайысқа түсті. Ескендір Хасанғалиевтің төрағалығымен құрылған қазылар шешімімен «Атамекен» республикалық  ән байқауының романс жанры бойнша Тараз қаласының тумасы  Дінмұхамед Көшкінбаев бас жүлдені иеленді. Алматылық әнші Ержан Жұманиязов – бірінші, Жандарбек Еркінбаев – екінші, өскемендік  Мақсат Саматов – үшінші орындарды иеленіп, лауреат  атағын алды.  Бұл жанрда Жамбыл облысының әншісі Сәуле Жуатбекова мен қостанайлық Гүлбақыт Жаңбырбаева дипломант атанды.

Эстрада  жанры бойынша  Ақ Жайықтың  талантты перзенті  Айбек Дәулетқалиев бас жүлдені жеңіп алды. Орал  өңірінің тағы бір өнерпазы Тарас Жауымбаев – бірінші, Нұр-Сұлтан қаласының әншісі Айдын Жұмабаев – екінші, қарағандылық  Самат Шонов пен Нұр-Сұлтан қаласынан Мейіржан Смалтыров – үшінші орынмен марапатталды. Өзбекстан елінің әншісі Рахим Орынғалиев, атыраулық  Айданақ Сағындық, ақтөбелік Ернар Дүйсеев – дипломант дәрежесін иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы берілді.

Екі күн бойы Жайық елін Ескендір әндерімен сусындатқан байқаушыларға және осы шараны үзбей өткізіп келе жатқан өңір басшылары мен облыстық мәдениет басқармасына, халық  шығармашылығы орталығына, тыңдаушыларға Ескендір Хасанғалиев ағалық ризашылығын білдірді.

Фестиваль туралы толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 18.07.2019 күнгі №28 санынан оқи аласыздар.

 

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»