8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Шілде 2026 455 0
Өңір жаңалықтары

Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Орал орман шаруашылығының Хан тоғайы аумағында болған табиғи өртті сөндіру жұмыстарына 100-ден астам адам мен 25 бірлік техника тартылды. Сондай-ақ өртті ауыздықтауға «Қазавиаорманқорғау» РМҚК мен ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылып, әуеден 46 мәрте жалпы көлемі 68 тонна су төгілді.

Шамамен 18 гектар орман алқабын қамтыған өртті сөндіру жұмыстары екпінді желдің салдарынан күрделене түсті. Соған қарамастан Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде жалынның одан әрі таралуына жол берілмей, өрт толық сөндірілді.

Өрт ошағында жедел штаб жұмыс істеп, күштер мен құралдардың өзара іс-қимылы үйлестірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
257 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
297 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
332 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
530 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»