8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2023 5683 0
Қоғам

Жазушыны ұлықтады

Бүгін, 12 сәуір күні Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  туғанына 115 жыл толып отырған қазақтың көрнекті жазушы Хамза Есенжановты ұлықтауға арналған «Арманың үндес еді Ақ Жайықпен…» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кешті облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов ашып, сөз сөйледі.  Ақын Айтқали Нәріков «Жастар форумы» және Хамза оқуларының «Авторлық туынды» тақырыбындағы аталым иегерлерін марапаттады.

Әр екі жыл сайын өтетін «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» тақырыбындағы  шығармашылық байқау жазушының жұбайы София Тастемірованың рухына арналды. Аталмыш байқауда әділқазы алқасының шешімімен «Бас жүлдені» иеленген Қ.Мырзалиев атындағы №47 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Камила Қанапия София анамыздың хаттарын оқып, көрініс қойды. Өңір әншілері «Көп болды Ақ Жайыққа бармағалы», «Ақ бақай», «Ақ Жайық», «Өмір», «Елім», «Ақ Жайығым» әндерін шырқады.

Шара барысында жазушының шығармашылық мұрасы сөз болып, фотосуреттері мен кітаптарынан көрме жасақталды.

Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»