04 Желтоқсан 2018 2462 0
ҚоғамХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН
Батысқазақстандық мұғалімдер халықаралық байқаудан жүлдемен оралды.

1-2 желтоқсан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығы» РББҰ бірлесе ұйымдастырған математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VI халықаралық шығармашылық конкурсына Батыс Қазақстан облысынан әр пән бойынша 2 мұғалімнен барлығы 6 мұғалім және жеке өтініштері бойынша 4 мұғалім қатысты. Аталған байқауға көрші Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларынан 300-ге жуық мұғалім (150 математика, 70 физика, 51 информатика) жиналған.
Осы байқауда Орал қаласы №21 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Наталья Геннадьевна Роберг І жүлделі орынға ие болды. Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №7 ЖОББМ физика пәні мұғалімі Сандуғаш Әділғалиқызы Күлекеш ІІ орын , облыстық дарынды балаларға арналған ІТ лицейдің математика пәні мұғалімі Самал Беймбетқызы Нығметуллина ІІІ жүлделі орын иеленді.
Төрт мұғалім төртінші орын иеленіп Алғыс хаттармен марапатталды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
34 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
120 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
150 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
459 0

Кіру
Пікір үстеу