8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2021 1927 0
Қалалықтар қаперіне

ХАДИША БӨКЕЕВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сайтта театрдың тарихымен, басшылық, шығармашылық, техникалық құраммен танысып, тағы басқа бөлімдерді қарауға болады.


– Заман талабына сай ресми сайт ашу қажеттілігі туындап отыр. Жаһандық пандемия да цифрландырудың ақсап тұрғанын көрсетті. Өнерде көшіміз ілгері болып, әлемдік деңгейге шығу үшін цифрландырудың маңызы зор. Сайтты іске қосу онлайн жұмыстың қарқынды жүруіне әрі көрерменге тағы біртабан жақындауға мүмкіндік береді. Ақпарат заманында бәсекеге қабілетті болуымыз шарт. Елімізде көптеген театрдың сайты бар. Сайттан кез келген оқырман  театрдың тыныс-тіршілігімен танысып, мониторинг жүргізге алады. Ресми сайт шығармашылық құрамға да үлкен жол ашпақ. Сайт мемлекеттік тілде ашылып отыр. Болашақта орыс және ағылшын тілінде де жүйе енгізіледі. Ал өзге елдегі қандастарымыз үшін араб әліпбиіне негізделген төте жазумен де берілмек. Алдағы уақытта қолға алынатын «3D тур» ғимаратты виртуалды аралауға мүмкіндік береді, – дейді театр директоры Салтанат Абулгазиева.

Айта кетейік, сайтты «Joomla!» жүйесінде «TORUS.KZ» ЖШС дайындады.  https://khadisha-theatre.kz/kk/ мекенжайы бойынша кіріп, сайтпен танысуға болады. Сайтта театрдың facebook, instagram, youtube әлеуметтік желідегі парақшаларына сілтеме көрсетілген.

Мұнымен қоса сайтта автоматттандыру жүйесі іске қосылады. Яғни актерлар құрамы бөлімінде әр актердың алдағы уақытта қай рөлді ойнайтынына сілтеме, қойылым бөлімінде рөлдегі актердың өмірбаянымен таныса аласыз. Болашақта «Онлайн билет» батырмасы арқылы https://ticket07.kz/ сайтына өтіп, театрға үйден отырып-ақ билет сатып алатын мүмкіндік туады.

Динара НАСЫР, 
Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ақпарат бөлімінің жетекшісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»