Германия Қазақстан жобаларына инвестиция құяды
Германия Қазақстан жобаларына инвестиция құяды. Мемлекет басшысы Герменияға ресми сапармен ұшып барды. Берлинде Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен жолықты. Тараптар саяси, экономикалық байланыстарды талқылады. Қасым Жомарт Тоқаев бүгін ертең іргелі жиындарға қатыспақ.
Асима Нұрбайқызы, тілші: Дәл қазір Қасым Жомарт Тоқаевты Германия Федералдық Канцлері Олаф Шольц қарсы алып жатыр. Германия билігі үшін бұл саясатта салмағы басым тұлға. Өйткені, мемлекеттік мәселелерді шешетін де, саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын да осы канцлер.
Германия – әлемдегі экономикасы ең мықты елдердің қатарында. ЖІӨ көлемі бойынша төртінші орыннан түспей келеді. Өнім өндіріп, экспорттаудан да негізгі үштікте. Сондықтан кәрі кұрлықтағы бұл мемлекетпен байланыс орнатуға көп ел бейіл. Германияның Орталық Азия аймағында сыртқа саудасының дені біздің елге тиесілі – 80%-дан асады
Былтыр екі ел 2.76 млрд долларға сауда жасаған. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша биылғы 7 айда өзара сауда-саттық 2 млрдтан асты. Яғни, алыс берісті еселеу межесіне қос тарап та мүдделі.
Мемлекеттер басшылары әуелі екеуара жолықты. Кейін байланысты жандандыру тетіктерін кеңейтілген құрамда қаузап, келіссөздердің жай- жапсарын бірлескен мәлімдемеде жеткізді.
Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты Германия мұнай газға тәуелді. Сондықтан Қазақстан қара алтын экспортын арттырады. Негізгі келісімнің бірі осы. Одан соң логистика. Транскаспий әлеуетін арттыру мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы неміс қаржы институттарын Қазақстанға шақырды. Әрі сапар аясында жаңа инвестициялық келісімдерге қол қойылатынын айтты. Ал Олаф Шольц Германия қазақстандық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін айтты. Осылайша тараптар көп саладағы ықпалдастықты жандандыруға уағлаласты.
Бекжан Садықов, ҚСЗИ еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы:
Соңғы 2 жылда Қазақстан мен Германия қатынасы қарқын алғанын көріп отырмыз. Ал қазіргі сапар байланысты тағы да тереңдете түсетіні түсінікті. Оның үстіне 3 ай бұрын Германия президенті Астанаға келіп кетті. Сондықтан алыс-берістің номенклатурасы жаңарады деп ойлаймын. Әрі жаңа институттар ашу мәселесі өзекті.
Қасым Жомарт Тоқаев Берлинде екі күн болады. Ресми сапар аясында жоспарланған шаралардың саны да салмағы да ауқымды. Дәл қазір Берлин Глобал Диалог форумында сөз сөйлеп жатыр. Одан кейін Германия Федералдық Президентімен келіссөз жүргізеді. Ал ертең Орталық Азия Германия мемлекеттері басшыларының жиынына қатысады. Әрі Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді деген жоспар бар.
Дереккөз: qazaqstan.tv
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі

Кіру