8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Шілде 2022 1791 0
Оқиға

«Гастролер-ұрылар» ұсталды!

IMG_3520

Оралда «гастролер-ұрылар» қылмыстық тобы ұсталды. Батыс Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел қимылдау нәтижесінде, ағымдағы жылдың наурыз айында Орал қаласында пәтер ұрлығын жасау мақсатында еліміздің басқа өңірлерінен келген төрт қылмыскер құрықталды. Олардың үшеуі Нұр-сұлтан, Шымкент және Семей қалаларының тұрғындары, болып шықты. Бұл топтың ұйымдастырушысы еліміздің оңтүстік өңірінен шыққан қылмыскерлер . Орал қаласында алдын ала жалға алынған пәтерде тұрып, астыртын әрекет ету шараларын жасаған көрнеді.
Сонымен қатар, қатысушылардың бірі 2020 жылдан бастап, мемлекетаралық іздеуде жүр екен.
Қылмыс кезінде ұрылар алдын-ала жасалған жоспарға сәйкес әрекет еткен, олардың әрқайсысы өз рөлдерін бөлген. Арнайы іс-шаралар кешенін мақсатты әзірлеу және өткізу нәтижесінде ұрылар коттедждердің бірінде ұрлық жасаған кезде ұсталды. Олар пайдаланған автокөлікті тексеру барысында ұрланған үлкен ақша сомасы, есік құлыптарын бұзуға арналған құралдар мен рация, сонымен қатар жалға алынған пәтерді тінту кезінде бағалы алтын бұйымдар тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың басқа да ұқсас ұрлықтары әшкереленді, және басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру жалғасуда.Сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айында Атырау қаласының 2 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олардың Орал қаласы аумағындағы пәтер ұрлығының 3 фактісі дәлелденді. Ағымдағы жылдың басынан бері облыстың полиция қызметкерлері 34 пәтерлік ұрыны ұстады, қылмыстық құқық бұзушылықтың осы түрін жасауға мамандандырылған 6 қылмыстық топтың қылмыстық жолын кесті. Олардың қылмысы дәлелденсе, күдіктілерді 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасы күтіп тұр.
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»