8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Наурыз 2019 2752 0
Қалалықтар қаперіне

«FLY ARSTAN-МЕН» АЛМАТЫДАН ОРАЛҒА

2019 жылдың 2 мамырынан бастап FlyArystan әуекомпаниясы Алматы мен Орал қалаларын байланыстырып, тұрақты рейстерді орындамақ. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұдан былай оңтүстік астана тұрғындары Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығына күнделікті 180 орындық Airbus A320 реактивті әуелайнерінде қатынайтын болады.

«Алматы мен Орал арасындағы 2500 шақырым жерге жер үсті көліктерімен кем дегенде 3 күнде жетуге болады. Яғни, дәл осылай туған-туыстарына қатынайтын екі қала тұрғындары бірнеше күндерін тек жолда жоғалтады. Енді еліміздің көрікті қалаларының бірі, Батыс өңірдің мақтанышы – Орал қаласына Алматыдан кез-келген күні, небәрі 2 сағатта жетуге болатыны бізді ерекше қуантады. Аталмыш рейс қарапайым отандастарымыздың арасында ғана емес, сонымен қатар жергілікті экономиканы аяққа тұрғызып жатқан қандастарымыздың арасында да жоғары сұранысқа ие болатына кәміл сенеміз», – деп мәлімдеді әуекомпанияның сату мен маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.
Алматы – Орал бағыты бойынша қатынайтын біржақты билет құны, әуежай алымдарымен қоса есептегенде 12 999 теңгеден басталады. Flyarystan.com сайтында сатылым 29 наурызда ашылып, жолаушыларға қосымша жолжүгі, борттағы тағамға тапсырыс беру, қалаған орынды таңдау сынды қызмет түрлері ұсынылатын болады.
Айта кетейік, 20 ақпанда облыс әкімі Алтай Көлгінов «FlyArystan» әуекомпанияның вице-президенті Паоло Ричиоттимен кездескен еді. Бұл компания Елбасының тапсырмасына сәйкес, төменгі бағамен ел ішінде әуе қатынасын жүзеге асыру мақсатында құрылған. Сол кездесуде жақында төмен бағамен Алматы-Орал, кейін Орал-Астана әуе рейістерін жүзеге асыру келісілген болатын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»