8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Сәуір 2023 2636 0
Бәрекелді!

Фестиваль мәресіне жетті

 

Бүгін, 21 сәуір күні Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, Орал қалалық жастар ресурстық орталығы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар Қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «ORAL JASTARY» фестивалінің қорытынды гала концерті өтті.

 

11 аталым бойынша өткен фестивальге қаламыздағы 22 оқу ордасынан 10 000 мыңнан астам студент қатысты. Астана қаласынан келген «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар Қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев фестивальдің жабылу салтанатымен құттықтап, жастарға, ұйымдастырушыларға алғыс айтты. – Елімізде 6 миллионнан астам жас азамат тұрса, оның 200 мыңы Батыс Қазақстан облысында тұрады. Сол 200 мыңның ішінен суырылып шыққан кіл мықтыны «ORAL JASTARY» фестивалі анықтады, – деп Нұржан Жетпісбаев жүлдегерлерді марапаттады.

 

Фестивальді Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қорытындылап, оқу орындарының басшыларын Алғыс хатпен марапаттады.

 

Бір айға жуық уақытты қамтыған фестиваль нәтижесінде командалық есеп бойынша жүлделі І орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті қанжығасына байлады. ІІ орынға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті табан тіреді. ІІІ орынды Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті иеленді.

 

Концерт барысында әр аталым бойынша жеңімпаздар марапатталып, жүзден жүйрік шыққан жүлде иегерлері өнерлерін көрсетті.

 

Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»