8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2019 1565 0
Өзек

ЕСІРТКІНІ КӨЛІККЕ АЙЫРБАСТАМАҚ БОЛҒАН…

Бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында ірі көлемді есірткі саудасына қатысы бар Асқар Мұхамбетовке үкім шықты. 55 жасар ер адам есірткі бизнесімен шұғылданғанға дейін бұзақылық әрекеті бойынша бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылған.

 Оқиға былайша өрбиді. Осыдан бір жыл бұрын А.Мұхамбетов Жаңақалада тұратын досы Құспановтың үйіне қонақтыққа барады. Екеуі өзара әңгіме барысында Мұхамбетов өзінде  1 келіден аса кептірілген марихуанының бар екенін айтып,  оңай олжаға қарық болудың жоспарын құрады. Осылайша Құспанов бұл  кәсіпке  облыс орталығында тұратын жиені  Омаров Шамилді тартады. Мәселеге қанық болған ол өнімді сатып алатын таныстарының бар екенін айтады. Осылайша екеуі облыс орталығында кездесіп, 1 келі 700 грамм есірткіні  «ToyotaCamry» автокөлігіне ауыстырмақ болады. Олардың бұл әрекеті ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдерінің араласуымен әшкере болды.

Қара базарда  шамамен 1 келі 700 грамм  марихуана 3 млн. теңгені құрайды. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов атап өткендей, қылмыскер Мұхамбетов енді өмірінің 10 жылын қатаң тәртіптегі  түзету мекемесінде өтейді.

– Қылымыскер Мұхамбетов ҚР ҚК  297-бабының 3-бөлігіне сәйкес есірткі, психотроптық заттарды,  заңсыз дайындау дерегі бойынша айыпты деп танылды. Ол тергеу амалдары барысында өз кінәсін толықтай  мойындады. Аталған бап бойынша  10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Дегенмен күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, өкінуі және 80 жастағы егде  анасының бар екені ескеріліп, ең төменгі жаза 10 жыл  бас бостандығын шектеу жазасы кесілді, – деді Бақыт Ермаханов.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.


Айнұр ҚҰРМАШЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»