8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қазан 2020 1207 0
Өзек

ЕСІРТКІГЕ ҚҰМАР ЖАНДАР АРАСЫНДА СПИДКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП

Облыста СПИД-ке шалдыққандардың дені ауруды инекциялық жолмен жұқтырған. Жүре біткен иммундық тапшылық синдромы дерті бізде ғана емес, әлем бойынша ең қауіпті, әрі қорқынышты аурулардың алдыңғы тізімінде тұр. ЖИТС-пен күрес орталығы мамандарының айтуынша, аты жаман бұл дертке шалдыққандардың дені 20-39 жас аралығындағылар. Демек, тепсе темір үзер, белгілі бір кәсіптің тұтқасынан ұстар жандар.

Аталмыш дертке шалдыққандарға ем-дом шаралары үшін мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінеді. Десек те, науқастардың толық айығуына мүмкіндік әлі де болса жоқ. Бұл әлем елдерін алаңдатып отырған күрделі жәйт. «Облыстық ЖИТС-пен күрес орталығы» директоры Алмагүл Мантақованың айтуынша, елімізде 20 мыңнан аса адам осы ауруға шалдықса, 1996 жылдан бері облыста 700 -ден аса адам дертті жұқтырған. Алдағы он жылдықта бұл цифрлар 25 мыңға жетуі ықтимал. Өйткені XX ғасырдың індеті атанған СПИД төңірегіндегі қорқыныш әлі сейілер емес. Яғни осы ғасырда оның емі табылуы неғайбыл. Жұқпаның таралуы есірткіге құмар жандар арасында да көп тіркеліпті. Яғни жыл басынан бері 62 адамның тең жартысы нашақорлар арасында тіркеліп отыр. Осы жылдар ішінде облыс бойынша 700 адам осы ауруды жұқтырса, қазіргі таңда науқастардың 500-дейі қалыпты тіршілік кешіп жатыр. Әрине, олар үнемі дәрігердің бақылауында. Бұл орайда дәрігерлер және білім бөлімінің мамандары жастарды қатерден арашалау мақсатында дұрыс ақпараттар беріп, түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»