8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2020 1432 0
Спорт

Қ.ЕСЕНДИЯРОВ: «АҒАЙЫНДЫ ЕЛЕУСІНОВТЕРДІҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫН ДАНИЯЛ ҒАНА ҚАЙТАЛАЙ АЛДЫ»

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  облыста бұқаралық спорттың аясын кеңейту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту мәселесіне тоқталды.

Бүгінгі таңда облысымызда 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. 13 384 жасөспірім осы мектептерде 54 спорт түрімен шұғылданады. Басқарма басшысы атап өткендей, бұл шекті сан емес, балаларды спортқа тарту, спортпен қамтылған балалар үлесін ұлғайту жұмысы жүйелі жүргізілуде.

– 2019 жылы Жапония еліндегі Номи қаласында өткен спорттық жүрістен Азия чемпионатында облыс спортшысы Шейко Георгий күміс жүлдені иеленіп,  қазақстандық спортшылардың ішінен 2021 жылы Жапония елінің астанасы – Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына ең бірінші болып жолдама ұтып алды. Сонымен қоса, облысымыздың спортшысы су добынан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының қақпашысы Липилин Павелде жолдама иегері. Биылғы жылы әлем елдерінде болып жатырған COVID-19 пандемиясына байланысты спорт шараларын өткізуге тыйым салынды. Алайда ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаттары көрерменсіз, барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізуге рұқсат берілген болатын. Әйелдер күресінен ел чемпионатында Екатерина Ларионова күміс жүлде иеленсе, Анастасия Панасович қола жүлдегер атанды. Бокстан 18 жасар жас спортшымыз Даниял Сәбит барлық қарсыластарын, шаң қаптырып чемпион атанды. Күні бүгінге дейін бұл чемпиондық атақты ағайынды Елеусіновтердің жеңісті жолын облысымызда тек осы Даниял ғана қайталай алды, – деп Қаймен Есенаманұлы облыс спортшыларының жетістіктерін ерекше атап өтті.

Басқарма басшысы атап өткендей, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде спортшыларды жоғары спорттық жетістіктерге ынталандыру мақсатында облысымыз бойынша 239 спортшыға ресми спорттық жарыстарда көрсеткен нәтижелеріне сай ай сайын ақшалай жабдықталым төленуде. Соның ішінде 65 жасөспірім, 44 жастар және 130 ересек спортшылар. Осы мақсатқа жыл басынан бері 226,1 млн. теңге қаражат бөлінген.

Еске сала кетейік, жуырда яғни 23-29 қараша күндері Шымкентте өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жерлесіміз Даниял Сәбит 49 келіде ел чемпионы атанды. Бұған дейін, облысымыздан Қазақстанның ең жас чемпионы атағын Дәурен Елеусінов 2005 жылы алған екен.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»