8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2019 2263 0
Қалалықтар қаперіне

ЕНДІ МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру – еліміздегі сұранысқа ие танымал мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын тұрғындардан құжаттарды, жәрдемақыларды және басқа қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар 10 миллионнан астам мекенжай анықтамаларын сұратады.

Анықтаманы алу үшін жұмысқа орналасу кезінде, мектептерде, балабақшаларда, емханаларда, мемлекеттік органдар немесе жеке мекемелерде және басқа да жағдайда тұрғындар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» (ХҚКО-ға) барып, үнемі кезек күтуге мәжбүр болды.

Тиісті нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, мекенжай анықтамаларын беруді алып тастау туралы шешім қабылданды.

Енді қарашаның 1-нен бастап Ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың дерекқорларын біріктіруге байланысты мекенжай анықтамаларын беру тоқтатылады.

Яғни, Сізден ешкімнің мекенжай анықтамасын сұрауға құқығы болмайды.

Атап айтқанда, мекенжай анықтамаларын беру толығымен алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың деректер базасында бар.

Мұндай өзгеріс мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту, қағазбастылықты азайтуға және бір анықтаманы алу үшін бірнеше сағат кезекте тұратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» (ХҚКО-ға) бару қажеттілігін азайту мақсатында қолға алынып отыр.

Сонымен бірге, азаматтардың өздері egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті немесе «электрондық үкіметтің» eGovmobile мобильді қосымшасы арқылы мекенжайы бойынша тіркелген адамдар туралы ақпаратты тексере алады.

Қажетті мәліметтерді мекемелердің өздері ала алады. Яғни ұйымдар, соның ішінде жеке мекемелер, egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдаланаалады. Сервисті қарашаның 1-нен бастап іске қосу жоспарланып отыр. Аталған қызметті пайдалану кезінде сол азаматтан оның мекенжай анықтамасын алу үшін SMS арқылы рұқсат сұралады. Осыған байланысты сервистің қолжетімді болу үшін әр азаматқа электрондық цифрлық қолтаңба алып, ұялы телефон номеріңізді мобильдік азаматтар базасына тіркету керек. Ол үшін бір мәрте халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлікпен барып көрсетілген әрекеттерді жасау қажет.

 

А. Жұбаныш, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»