Еліміздегі ең ірі кеме Каспийге аттанды
Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Орал «Зенит» зауыты» АҚ еліміздегі ең ірі кемені суға түсірді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған су көлігі алдағы уақытта елдің қорғаныс әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды міндеттерді атқарады.
Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, зауыт ұжымын стратегиялық маңызы бар жобаның аяқталуымен құттықтады. Аймақ басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге бағытталған тапсырмалары жүйелі түрде орындалып жатқанын атап өтті.
– Бүгін «Зенит» зауыты ұжымының кәсіби шеберлігі мен адал еңбегінің арқасында еліміздегі ең ірі кемені суға түсіріп отырмыз. Корабльге мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Экипаж қорғаныс әлеуетін күшейтуде қалтқысыз қызмет етеді деп сенемін, сәттілік тілеймін,- деді Нариман Төреғалиев.
Жаңа Р4240 жобасындағы кеме күштік құрылымдардың қажеттілігіне сай әмбебап көпфункционалды платформа ретінде әзірленген. Жоба Каспий теңізі акваториясындағы навигациялық, климаттық және пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып жасалды. Сондықтан кеме тек жүк жеткізуге ғана емес, теңіздегі үздіксіз қызметті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды техникалық құрал саналады.
Кемені суға түсіру – кеме жасау өндірісіндегі ең жауапты кезеңдердің бірі. Бұл үдеріс күрделі инженерлік есептеулерді, жоғары дәлдікті және мамандардың үйлесімді жұмысын талап етеді. «Орал «Зенит» зауыты» ұжымы аталған міндетті жоғары деңгейде орындап, кәсіпорын тарихындағы 37-ші су көлігін дайындап шығарды.
Кеменің салмағы 720 тоннаны құрайды. Ұзындығы – 51 метр, ені – 9,5 метр. Жылдамдығы 16 түйінге дейін жетеді. Жүк тасымалдауға арналған трюмнің көлемі – 30 текше метр. Сонымен қатар су көлігі 8 балдық дауылға төтеп бере алады.
Кеменің конструкциялық мүмкіндіктері оны күрделі гидрометеорологиялық және навигациялық жағдайда пайдалануға жол ашады. Су көлігі қалыңдығы 0,6-0,8 метрге дейінгі бір жылдық сирек мұз қабатында өздігінен қозғала алады. Сондай-ақ жұқалау мұз жағдайында кемелер мен катерлерге ілесіп жүруге бейімделген.
Көпфункционалды кеме теңіз жағдайында кемелер мен катерлерді дизель отынымен, жанар-жағармай материалдарымен, тұщы сумен, азық-түлікпен және өзге де құрғақ әрі сұйық жүктермен қамтамасыз етуге арналған. Бұл оның Каспий теңізіндегі әскери-теңіз бөлімшелерінің үздіксіз қызметін қолдаудағы маңызын арттырады.
Кемеде отызға жуық адамнан тұратын экипаж қызмет етеді. Жеке құрам үшін қажетті тұрмыстық және жұмыс жағдайлары қарастырылған. Заманауи талаптарға сай жабдықталған су көлігі алдағы уақытта Ақтау айлағына жеткізіліп, сол жерде оның діңгегі орнатылады. Бұл шешім кеменің теңізге шығар жолда көпірлердің астынан кедергісіз өтуі үшін қабылданған.
Жаңа кеменің суға түсуі – отандық кеме жасау ісіндегі ілгері қадам. Жоба елдің қорғаныс қабілетін арттырумен қатар, Батыс Қазақстан облысындағы өндіріс орындарының күрделі әрі жауапты тапсырыстарды орындауға қауқарлы екенін тағы бір дәлелдеді.
Ә.Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру












