8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2019 1790 0
Қоғам

ЕЛ ҮЛЕСІНЕН 95-ШІ ПӘТЕР

БҚО-да «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 95-інші пәтер берілді.

Бас мүфтидің  бастамасымен өткен жылы республика аумағында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Мақсат – мұқтаж отбасыларға баспана алып беру.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында өңірдегі екінші баспана Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласынан аз қамтылған отбасыға табысталды.

– «Ел үлесі – пәтерге» – тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға халық болып қаражат жинап, үй алып беруді көздейтін жоба. Осылайша, жоба аясында – Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мешітінің ұжымы және жамағатының қолдауымен аудан көлеміндегі мешіттерде жиналған қаражаттың арқасында жалғызбасты анаға Кеңтүбек ауылынан үй алып бердік. Осынау сауапты іске Бөрлі ауданының мешітінің жамағаты белсенді түрде атсалысты. Бізді қолдаған барша жамағатқа Сіздердің атыңыздан Алғыс білдіргіміз келеді. Бүгінгі қуаныш иесін жаңа баспанасымен шын жүректен құттықтаймыз. Қоныс құтты болсын,- деді өкіл имам Еркебұлан Қарақұлов.

Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылынан баспаналы болған аз қамтылған отбасы баспанасыздықтың зардабын көп тартқан. Жомарт жандардың жәрдемінің арқасында осы жанұяға баспанамен қоса қысқа толқынды пеш, шаңсорғыш және т.б тұрмыстық қажетті жабдықтар табысталды. Алдағы уақытта аудандық мешіт ұжымы жамағатпен бірігіп, жиһаздармен қамтамасыз етпекші.
Айта кетейік, аталмыш жобаны мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа түсіндіріп  жеткізе білген насихаттарының нәтижесінде іске асуда.

Үміт Жәңгірова, Бөрлі ауданы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»