8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2020 2017 0
Өзек

ЕКІ БАЛА ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАДЫ

Жаз мезгілінде балалардың жарақаттану жағдайлары жиі орын алады. Қазіргі карантин жағдайында  балалардың  көпшілігі үйде. Дегенмен, үй жағдайында да балалардың  оқыстан құлау немесе зақым алуы кездеседі. Осы орайда  БҚО Полиция Департаментінің ювеналды полиция инспекторлары мен БҚО төтенше жағдай департаментінің  қызметкерлері ата-аналарға  түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатымен рейд өткізді.

Орал қаласында екі бала терезеден құлап кеткен. Оқиғаның бірі 9 мамырда орын алды. 4 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттанып, облыстық көпбейінді балалар аурухананасының реанимация бөлімшесіне  түскен. Ал екінші оқиға 10  мамыр күні болған. Жеті жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлаған. Абырой болғанда денесінің  көгергені болмаса, ауыр жарақаттанбапты.

– Күнбе-күн полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында  рейдтер жүргізеді.  Оған қоса балалар арасындағы жарақатты болдырмау мақсатында  түсінік жұмыстары ұйымдастырылады. Өкінішке орай, бір аптада екі баланың жоғарыдан құлау жағдайы тіркелді. Бұл басқа ата-аналарға  сабақ болуы тиіс. Үлкендер кішкентайлардың  әр қимылын көзден таса қылмаса екен деген өтінішіміз бар,  – дейді БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының инспекторы Диляра Сатарова.

Қала көшелерінде  жүріп өткен ювеналды полиция инспекторлары мен төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындармен сөйлесіп, үй подъездеріне  жадынамалар ілді.  Балаларға қатысты болған оқыс жағдайдан хабардар етіп, бүлдіршіндерін қараусыз қалдырмауларын ескертті.

– Төтенше жағдай комитетінің нұсқамасы бойынша  14  сәуірден бастап тұрғындар арасында  түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы бейнероликтар, анимациялық мультфильм дайындалып, жергілікті арналар, әлеуметтік желілер арқылы таратылуда. Жалпы білім беру ұйымдары мен мектепке  дейінгі мекемелерге  де  ұсындық. Көпқабатты үйлердің подъездеріне  1000-нан аса ақпараттық жадынама ілінді,  – деді  БҚО Төтенше  жағдай департаментінің  бас маманы, азаматтық қорғау майоры Мереке Жұмағалиев.

Кішкентайлар терезе алдына шығып, сыртты қызықтағанды ұнатады. Бірақ, бұл аса қауіпті. Терезедегі москитті тор баланың шалт қимылын көтермей, құлап кетуі ықтимал. Сондықтан бүлдіршіндердің  әр қимылын көзден таса қылмау ата-анаға міндет.

Биылдың өзінде өңірде  үш баланың жоғарыдан құлауы тіркелген.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»