8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2024 3984 0
Қалалықтар қаперіне

Екі-ақ шақырым қалыпты

Теректі ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева келді.


Снежанна Валерьевна «Барбастау – Ақжайық – Индер» тасжолының 43-93 шақырымы жұмысымен танысты. Осыдан бір ай бұрын Шағатай ауылының тұрғындарының үніне құлақ түріп, бір ай уақыт берді. Осы уақыт аралығында жолды сапалы аяқтап, ел игілігіне беруді тапсырды. Оған ең бірінші халық куә!

«Uniserv» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты Дінмұхамед Сәтбаев тұрғындарды сабырға шақырып, компания қызу жұмысқа кірестінін жеткізді.

Бүгінгі таңда жолдың мәреге жетуіне 2 шақырым қалған. Күндіз-түні жүйелі жұмысқа кірісіп, халық қалауын орындау үшін білек сыбана іске кіріскен олар өз түйткілдерін тілге тиек етті.
– Тұрғындардан тағы бір сұрарымыз – шыдамдылық. Біз еш уақытта жауапкершіліктен аттап өтпейміз. Жұртшылық тарапынан сенім қажет. Бізде де мәселе жетерлік. Құрылысқа қажет көліктерді жүргізушілер таптырмай отыр. Одан бөлек жұмысшылардың жоқтығы бар. Десе де, оған қарамастан жоспар бойынша жұмыстарды жүзеге асырудамыз,- деді Дінмұхаммед Қайратұлы.

Құрылысты тексеріп, жағдайды бақылауға алу үшін атбасын бұрған Снежанна Имашева тұрғындармен пікірлесіп, қазіргі таңда неге наразы болып жатқандарын сұрады.
Жиналған бір топ шағатайлық өз ұсыныстарын жеткізді. Оның ішінде жол мәселесін үнемі талқыға салып, мінсіз пайдалануға берілгенін қалайтын Гүлшат Керей бар. Сонымен қатар Бауыржан Айбеков те топ ішінен сурылып шығып, ел атынан сөйледі.

-Жолда жүру мүмкін емес. Өте шаңды. Екі көлік бір-бірін көрмей, соқтығысып қала жаздайды. Сондықтан осы маңда шаңды басып, су шашатын арнайы көліктер жүрсе, жақсы болар еді. Жолды уақытында аяқтаймыз, осы күзге дейін бітіреміз деп жатыр. Оған ризамыз. Бірақ ауа-райының күрт бұзылуы қалған аз шақырымды жүріп өтуге кедергі келтіреді. Жаңбыр жауса, көлік жүре алмай қалады. Сол үшін жолдың жанына қиыршық тастардың төселгені дұрыс. Көктем мен күз мезгіліндегі балшықтардан өтуге көмек болар еді,- деді ол өз сөзінде.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Валерьевна:
– Басты мақсат – қазақстандықтар алдында партияның берген уәделерінің орындалу барысын көру және тексеру. Бағдарлама аясында нақты айтылған еді. Бүкіл аумақтар бойынша инфрақұрылымды күшейтеміз деген жоспар бар. Соның ішінде республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарға көңіл бөліп, қайта жөндеп, сапасын жақсартамыз. Осы уәдеге сай болу мақсатында әр өңірде «Жол картасы» дайындалды. Партия тарапынан бақылаушы ретінде өз көзіммен көріп, түсініп отырғаным бұл жол биыл күзде аяқталады. Сәл шыдасақ, тақтайдай тегіс жол үстінде жүреміз,- деп, өз сөзін түйіндеді.

Сабыр сақтап, екі-ақ шақырым жұмыстың сәтті мәреге жетуін күте білсек, айымыз оңынан туары сөзсіз. Дүрлігуден аулақ болайық! Себебі билік тізгінін ұстағандар, жолға міндетті компания барын салып жатыр.

БҚО мәслихатының баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
351 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
438 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
494 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
506 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
556 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
300 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
774 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
806 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
757 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
709 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
753 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
935 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»