8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қазан 2019 1527 0
Қалалықтар қаперіне

Ең пайдалы және зиян нан аталды

Диетолог-дәрігер Елена Соломатина «Вечерняя Москваға» адам ағзасына пайдалы және зиян нан түрлерін айтып берді. Дәрігер нан таңдау барысында оның құрамымен толық танысып алу қажет екенін атап өтті. Нанның құрамы неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым жақсы.  Егер нанның құрамы ұн, су және тұздан тұрса оңтайлы. Осылайша, дәстүрлі шығыс наны – лаваш, пури тандыр наны не Жерорта теңізі питаны жарайды. Не Италия наны чиабаттаны қолдануға болады, алайда бұл нан түрін құрғақ ашытқымен жасайды. Сонымен қатар кебектен жасалған нан түрінің де пайдасы көп. Нан жасау үшін қолданатын ұн түрі көбіне жоғары сұрыпты емес, екінші сорттағы не қарабидай ұны болғаны абзал.  «Пайдасы жағынан бірінші орынға қарабидай нанын қояр едім. Бірақ қаптаманың сыртында қарабидайдан жасалған деп жазылғанымен, көбіне құрамында қарабидай болмауы мүмкін. Өндірушілер бидай ұны мен бояғыштар қосады. Қарабидай егістік алқаптары жоқтың қасы. Сондықтан қаптамадағы құрамды мұқият қарау қажет», – дейді диетолог маман.  Диетологтың айтуынша, көбіне адамдар қарны аш болған кезде жаңадан піскен өнімді алуы мүмкін. Бұл – дұрыс емес. Бүгінде нан өнімдерінің нарығында қызықтыратын дүниелер көп. Үлкен супермаркеттерге кіргенде нанның хош иісі аңқып тұрады. Дәл сол жерде нан пісіріп жатқандай көрінеді.  Маманның айтуынша, бұл жай ғана маркетингтік әрекеттер. Ірі супермаркеттерде нанды тек жылытып қояды екен.  Дәрігер жасанды қосындылармен әзірленетін нан түрлерінің инсулинорезистент пен диабеттің екінші түріне алып соғуы мүмкін. Қопсытқыштар мен дәмдеуіштер нанның дәмін өзгертуі мүмкін, бірақ бұл денсаулыққа зиян.

 

 

https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/en-paydalyi-jane-ziyan-nan-ataldyi-301609/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»