8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2020 1127 0
Өзек

ДОСЫН ӨЛТІРГЕН

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін 36 жастағы Виталий Валитовқа қатысты үкім шықты. В.Валитов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бала кездегі досын пышақтап өлтіріп, денесін шұңқырға көміп жасырған оралдық Виталий Валитов 11 жылға сотталды. Қылмыскер сотта өз кінәсін мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім де сұрады. Сот материалынан мәлім болғандай, 36 жастағы Валитов бала кезгі досымен бірге үйінің ауласында арақ ішкен. Кейін екеуі сөзге келіп қалады. Ашуға мінген Валитов бөтелкелесін ұрып құлатып, мойнынан екі рет пышақ тығады. Кейін өліктен құтылудың қамына кіріседі.

БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Бақыт Ермахановтың айтуынша, айыпты сот үкімімен жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

– Оның жауабына қарағанда қорыққан. «Сосын ұмытқым келіп, ары қарай тағы бес күн бойы арақ іштім» дейді. Мәйітті көміп тастағаннан кейін сарайды өзі бұзып, погребке тастаған. Одан шыққан кірпіш, кілем сынды барлық ескі қрылыс заттарын барлығын 2 метр жарым қазылған жерге салып тегістеп тастаған. Сол уақытта жәбірленушінің анасы терезеден қарап тұрып: «Менің балам осы шұңқырдың ішінде, әйтпесе ол неге көміп жатыр? Соның ішінде өліп жатыр» деп айтыпты,– деді БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Бақыт Ермаханов.

Сотта Валитовтың кінәсі толық дәлелденді. Судья болған жайды толық баяндап, ағынан жарылған қылмыскердің кішкентай қызы бар екендігін ескеріпті. Дегенмен,  айыпты өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Ал марқұмның туыстары кінәліге кешірім бергенін айтады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»