8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2018 3069 0
Спорт

Допты хоккей

Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан командасы 3 орынды иемденді. 80 пайызын «Ақжайық» спорт клубының және облыстықө балалар мен жасөспірімдер спорт клубының түлектері құрайтын құраманың жеңісі оралдықтар үшін тіптен ерек. Осы орайда 26 наурыз күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында хоккейшілердің қатысуымен арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Ал 27 наурыз күні хоккейшілерді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтап, облыс әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын табыстады.

Ресей, Швеция, Финляндия, Норвегия сынды мемлекеттердің допты хокейден қуатты командалары жиналған чемпионат 21-25 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Ульяновск қаласында өткен. Қазақстандық құрама алғашқы ойында Финляндиядан 5:1 есебімен ұтылғанымен, үшінші орынға талас кезіндегі Норвегиямен ойында мықтылықтарын көрсетті. Осылайша, үздік үштіктен көрінді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Рахымқызының сөзінше, жасөспірімдер құрамасы дәл осындай жүлделі орынды 1998 жылы Орал қаласында өткен Әлем біріншілігінде иемденген. Одан кейін жеңісті сәттер болмаған көрінеді.

– Бүгінгі нәтиже елімізде допты хоккейдің дамып жатқанын көрсетеді. Допты хоккейден алдарына жан салмайтын жетекші мемлекеттердің қатарында өнер көрсетуімен салыстырғанда спортшыларымыздың жетістігі өте жоғары, – деді Ә.Аманбаева.

«Ақжайық» спорт клубының директоры Азамат Шайхы атап өткендей, өңірдің жасөспірімдері құрамада 2-3 жылдан бері өнер көрсетуде. Командада 17 жасқа дейінгі балалар ойнайды.

– Норвегиямен болған ойында Дәурен Оралов төрт гол салып, өзінің сұр мерген екенін танытты. Сол секілді команда капитаны Ершат Амангелдиевтің соңғы сәттерде қарсыластар қақпасына тоғытқан добы командаға қола жүлдені әкелді, – дейді Азамат Ерболұлы.

Бүгінгі жасөспірімдер құрамасының жеңісі еліміз үшін 20 жылдан кейін болған нәтиже. Осы орайда мемлекеттік жаттықтырушы Оралбай Жақсымбетов команданың дайындалуына жоғары деңгейде қолдау көрсеткен облыс басшысына республикалық федерация атынан алғысын білдірді. Аталмыш құрама өткен жылғы Әлем біріншілігінде де өнер көрсеткен болатын. Бірақ, табысты болмады. Ал биыл жан-жақты, тың дайындық жүргізілген. Құрама еліміздегі дайындықтарымен қатар, қаңтар айында Ресейдің Ульяновск қаласындағы, ақпан айында Швецияның Ветландия қаласындағы оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдады.

Қазір өңірде допты хоккейді дамытуда бар мүмкіндік жасалуда. +10 градусқа дейін төзімді жаңа технологиямен жабдықталған мұз айдынының жасақталуы соның бір көрінісі. Ал қыркүйек айында үш ауданда допты хоккей бөлімшелері ашылады. Қазірдің өзінде жаттықтырушыларды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, хоккейшілердің үздіксіз дайындық жүргізуіне жағдай жасалмақ. Ал болашақта жасөсіпірмдердіңқұрамның ұлттық құрамаға еніп, жоғары лигада өнер көрсетуі күтіледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»