8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2019 1597 0
Қалалықтар қаперіне

ДИМАШТЫҢ КОНЦЕРТІНЕ БИЛЕТТЕРДІ ОНЛАЙН-САТЫЛЫММЕН АЛУҒА БОЛАДЫ

2019 жылдың 29 маусымында Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтетін Димаш Құдайбергеннің «Arnau» атты концертіне билеттер 18 наурыздан бастап, Астана уақыты бойынша 17:00-ден бастап сатыла бастайды.     

Билеттерді сату бойынша бас оператор – www.zakazbiletov.kz. Сондай-ақ, билеттер www.biletiastana.kz сайтында да қолжетімді болады.

Одан басқа, билеттерді Астана қаласы бойынша: Керуен, Азия Парк,  Хан Шатыр,  Евразия, Керуен Сити, Мечта сауда орталықтарының, «Қазақстан» ОКЗ, Сарыарқа велотрегіндегі Газэнерджи ажс, Конгрес холл және Жастар сарайының кассаларынан сатып алуға болады.

Қазақстанның басқа қалалары мен шет елдерде билеттерді online- сатылым арқылы ғана алу мүмкіндігі бар.   Қазақстан бойынша Qiwi кошелек, Kaspi Банк, Visa және Mastercard төлем карталары арқылы сатып алуға болады. Басқа елдерде билеттер тек Visa және Mastercard.  төлем карталары арқылы ғана қолжетімді.

Жанкүйерлерді ескере отырып және билеттердің сатылымын бақылау мақсатында, билеттерді 2-ші кезеңде сатып алуға мүмкіндік болады. Яғни,  билет сатыла бастаған соң, бірінші кезеңде билет алуға үлгере алмағандар, тең мүмкіндікті пайдаланып,  2-ші кезеңде барлық секторлардан билет ала алады.

Билетті сатып алу тәртібі:

  1. Секторды таңдау/ билеттің категориясы
  2. Түрлі-түсті орындарды басып, керек орынды таңдау. Билет 30 минут аралығында корзинада тұрады. Қалаған орынды жою үшін, таңдаған орынды қайтадан басу керек.
  3. «Тапсырысты рәсімдеу»  тетікшесін басу.
  4. Тіркеуден өтіп, авторизациялану.
  5. Алу әдісін таңдау және төлем тәсілі.
  6. Көпшілік офертасының ережелері мен шарттарымен танысқан соң, белгі қою
  7. «Тапсырысты рәсімдеу»  тетікшесін басу.

Тапсырысты толық толтырып болған соң, көрсетілген  e-mail поштаңызға арнайы хат келеді.  Ескерту: тапсырыс номерін есте сақтаңыз!

Егер хат келмеген жағдайда:

  • e-mail дұрыс көрсетілмеген;
  • Тапсырыс орындалмағанын білдіреді. (яғни, тапсырыс беру уақыты 30 минуттан асып кеткен).

Барлық сұрақтар бойынша Call орталықтарына хабарласыңыздар: +2 (727) 777 666, +7 (727) 237 8284, +7 776 544 2882

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»